Спорттық акробатика бойынша Халықаралық турнирде қарағандылықтар алтын медальдар ұтып алды

Пуурс қаласында (Бельгия) ақпанның 12-нен 18-не дейінгі аралықта спорттық акробатика бойынша Халықаралық турнир және Әлем кубогының кезеңі өтті.
Сайысқа төрт қарағандылық спортшы қатысты – Мамандандырылған балалар-жасөспірімдер гимнастика спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Халықаралық турнирде аралас жұп Никита Амоскин және Анастасия Долганюк алтын медальдар жеңіп алды. Әлем кубогының кезеңінде ерлер жұбы Даниель Диль мен Вадим Шулыр алтыншы орынды иеленді, жарыс қорытындысы бойынша олар планетаның ең мықты спортшылар сегіздігіне енді.
Никита Амоскин – 18 жаста, оның жұптасы Анастасия Долганюк – 14 жаста. Олар халықаралық класстағы спорт шеберлері. ҚР ұлттық құрамасының мүшелері. 2015-ші жылы Азия чемпионатында юниорлар арасында Ханьчжоу қаласында бұл жұп үздік деп табылған болатын. 2016-шы жылы Путья қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола медальді иеленген.


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»