«Шалқыма» концерт залында пианиношы, халықаралық байқаулардың лауреаты Илья Иванов өнер көрсетеді

Қарағанды симфониялық оркестрі 24-ші ақпанда «Шалқыма» концерт залында музыкалық кеш өткізеді. Жеке орындаушы – Ресейден келген пианиношы және композитор Илья Иванов. Кеште Петр Грибанов дирижерлік етеді.

Көрермендер бұл күні М. Равельдің «Павана», К. Сен-Санстың «Оркестрмен ойналатын фортепианоға анралған №2 концерті», Р. Штраус «Дон Жуан, симфониялық поэма», В.А.Моцарт «Симфония A-Dur» тыңдай алады.
Илья Иванов Қарағанды тумасы. 2010-шы жылы осында фортепиано классы бойынша мектеп-интернатты тәмамдап, Глинка атындағы Новосібір Мемлекеттік консерваториясына оқуға түскен. Халықаралық музыкалық байқаулардың лауреаты, 2014-ші жылы Сочидегі Олимпиаданың мәдени бағдарламасының қатысушысы, РФ композиторлар одағының Жастар бөлімінің құрамында, "Partita" бүкілресейлік копозиторлар байқауының дипломанты.
Концерттің басталуы 17.00.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 339.95
Евро 392.64
Рубль 5.30
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»