ҚарМУ-де «StartupBolashak 3 маусым: Менің Арманым» республикалық стартап-жобалар байқауының аймақтық іріктеу кезеңі өтеді

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесе отырып, реалити-шоу форматындағы «StartupBolashak 3 маусым: Менің Арманым» стартап-жобалар байқауының басталатыны туралы хабарлайды. Аймақтық іріктеу кезеңі наурыздың 2-нен 4-не дейінгі аралықта Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де өтеді. Байқауға 16-35 жас аралығындағы кәсіпкерлер де қатыса алады. Өтінімдер 27-ші ақпанға дейін қабылданады.

Байқаудың мақсаты – өмір стандарттарын жақсартуға, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі алдыңғы қатарлы білім мен технология трансферін жетілдіруге бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес-бастамаларын қолдау болып табылады. Жоба серіктестері: «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» Акционерлік қоғамы, Тель-Авив Университетінің достар Қауымдастығы, кәсіпкерлік білім беру Қауымдастығы.

Байқау бірнеше кезеңдерден құралады.
Іріктеу кезеңі – аймақтардан идеяларды іздеу және іріктеу. 3 күндік машықты жетілдіру, тренингтер, менторлардың көмегі. Сонымен қатар Қазақстан бойынша 16 аймақтардың біріне акселерацияға түсу мүмкіндігі.
Ширек финал – Республикалық StartupWeekend. 16 аймақтан жиналған 500 үздік жобалардың авторлары атақты бизнес-тренерлерден, койчерлерден тринингтен өтіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы бизнесмендерінің қолдауына ие бола алады.

Жартылай финалда 100 үздік жобалар осы жылдың шілдесінде өтетін Жазғы кубоктың шеңберіндегі жүлде қоры үшін бақ таластыра алады.

Финал – Республикалық Demo Day. Бүкіл Қазақстаннан жиналған 50 үздік жобалардың авторлары Қазақстанның инвесторлар, бизнес-періштелер және ірі венчурлық қорлардың өкілдері алдында сөз сөйлейді, осылайша олар белгілі-бір жобаны қаржыландыруға болатынын дәлелдеулері тиіс.

Қорытынды кезең – Аймақтық Demo Days. Қазақстанның 16 аймақтарындағы акселерациялық бағдарламаның қорытындысын шығару.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін ҚР Білім және ғылым министрлігімен «StartupBolashak 3 маусым: Менің Арманым» стартап-жобалар байқауының аймақтық бірлесе ұйымдастырушысы және базалық ЖОО деп анықтады.

Байқауға 16-35 жас аралығындағы ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер қатыса алады. Қарағанды облысындағы іріктеу кезеңі наурыздың 2-нен 4-не дейінгі аралығында өтеді. Байқауға қатысушыларға байқау комиссиясы алдында өздерінің стартап-жобаларын таныстырып, қорғау қажет болады.

Қарағандыдағы іріктеу кезеңіне қатысамын деп ниет білдірушілер 27-ші ақпанға дейін келесі сілтеме бойынша өтіп, тіркеу өтінімін толтыру қажет.

Аймақтық іріктеу кезеңі ҚарМУ-нің бас корпусында келесі мекенжай бойынша өтеді: Қарағанды қаласы, Университетская көшесі, 28.
Байқауға қатысты барлық сұрақтар мен ұсыныстарды Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ технологияларды коммерциялау Орталығы қабылдайды:

E-mail: forumksu17@mail.ru

Тел.: (8 7212) 77-04-25.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 28°C ашық
  • Дымқылдылық: 25%
  • Қысым: 710
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»