Қарағандыда жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығын ашу жоспарлануда

 Жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету орталығы Қарағандыда биылдан бастап жұмыс істей бастайды. Орталықты ашу жоспары туралы Қарағанды облысының Білім басқармасы басшысы Есенғазы Иманғалиев айтып берді.
- Қазіргі таңда республикамызда «111» жедел қызметі жұмыс істейді. Бұл бала құқығы бойынша уәкілетті штаб-пәтер үйлестіретін сенім телефоны. Қарағандыда біз сәйкесінше даярлықтан өткен психологтар жүмыс істейтін ахуалдық орталық ашқымыз келеді. Ол жасөспірімдеріміздің тек республикалық орталықта ғана емес, сонымен қатар бізде де көмек алуға мүмкіндіктері болуы үшін керек, - деп мәлімдеді ол.
Жасөспірімдер арасында өзіне өзі қол жұмсадың алдын алу бағдарламасы шеңберінде мектеп психологтары мен әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және оқыту мақсаттарына 20 миллион теңге бөлінді. Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда аймағымызда 45 білікті мектеп психологтары жетіспейді.
- Бұл біздің облыс үшін үлкен сан емес, кадрлардың тапшылығы мәселесін шешуге болады. Бір психолог қанша балаға жұмыс істейтіні, міне осы басқа сұрақ. Сондықтан біз қазір психологтардың біліктілігін арттыруға баса назар аударудамыз, - деп атап өтті білім басқармасының басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда зорлық-зомбылықтан қатаң қарым-қатынастан зардап шеккен немесе қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар үшін сенім телефоны ұйымдастырылған болатын. «111» телефон нөмірі бойынша тәулік бойы ақпарат алып, кеңестік, психологиялық, заңдық көмек алуға немесе баланың құқығы бұзылғаны туралы хабарлама жасауға болады.


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.88
Евро 394.41
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: -6°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 719
  • Жел: 4 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»