Қарағанды облысы әкімдігінде ҚР Президенті алға қойған мақсаттардың орындалу барысы талқыланды

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Елбасының қатысуымен өткен Үкімет отырысының қорытындысы бойынша жиналыс өткізді.
Сәйкесінше басқармаларға инвестицияларды жұмылдыру бойынша жұмыстарды үдету тапсырылды. Осыған дейін тарнсұлттық компаниялар өнеркәсіп кәсіпорындарына қаражат құйған болса, енді аймақ ауылшаруашылық саласына халықаралық серіктестерді қарату мақсатын алға қойып отыр.
Бір апта аралығында «Сарыарқа» арнайы еркін экономикалық аймақтың жұмысы сарапталатын болады, жәнеде оның нәтижелері бойынша ЕЭА қызметінің тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар қолданыла бастайды.
Ерекше назар тұрғын үй қорына бөлінбек:
- Елбасы бізге тозығы жеткен апаттық үйлер мәселесін шешу туралы тапсырма берді. Жезқазғандағы апаттық үйлер бойынша сұрақтар бар. Ол мәселелерді жақын арада қарастыру қажет, адамдардың қауіпсіздігі – басты орында болуы тиіс. Тозығы жеткен үйлерге келер болсақ, тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша жұмыстарды үдету керек, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдерін қолдану мүмкіндігін қарастырған жөн, - деп тапсырма берді Ерлан Қошанов.
Сандық жүйеге көшу, бизнес шығындарын төмендету, жылыту маусымын өткізуге байланысты нақты тапсырмалар берілді.
Тиімсіз өздігінен жұмыс істеп жатқан және тіркелмеген жұмыссыздарды жұмыспен қамту шараларына қатысты мәселелер талқыланды. 2017-ші жылы аулаларды аралау нәтижесінде аймағымызда бүл санаттарға жататын 23 мың адам анықталған.
Жиналыс қорытындысы бойынша Ерлан Қошанов аталмыш бағыттар бойынша жұмыстарды күшейтіп, сонымен қатар ҚР Президенті Қазақстан халқына Жолдауында қойылған барлық тапсырмаларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырды.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.42
Евро 400.04
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -15°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 729
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»