Қарағанды облысында үлгерімі төмен мектептерге арналған «Табыс формуласы» бағдарламасы іске қосылды

Қарағанды облысының білім беру саласында «Табыс формуласы» бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Оның мақсаты – аймақтағы үлгерімі төмен және алдыңғы қатарлы мектептер түлектерінің білім көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты қысқарту болып табылады.
Бағдарламаның қалай жұмыс істейтіні туралы Қарағанды облыстық білім басқарамасының басшысы Есенғазы Иманғалиев айтып берді.
- Бұл бағдарлама аймақ басшысының тапсырмасы бойынша құрылды. Халықаралық тәжірибеде үлгерімі төмен және үздік мектептердің көрсеткіш айырмашылықтары болар-болмас. Сол кезде білім беру сапасы көрінеді, - деп түсіндірді ол.
Осы уақытта аутсайдерлер анықталған, ол тізімге облысымыздың 50 мектебі енді. Бұдан былай оларға ерекше назар аударылатын болады: материалды-техникалық базасы жақсартылып, педагогтардың біліктілігі жоғарылатылады, сондай-ақ артта қалу себептері сарапталады.
Бағдарлама аясында жасалған жұмыстардың бірінші қорытындылары келесі оқу жылының басына қарай жасалады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы дәстүрлі тамыз педагогикалық кеңесінде 50 үздік мектептің әлеуетін көтеру үшін арнайы бағдарлама құру туралы ұсыныс жасалды. Аймақ басшысы бұл идеяны қолдамады.
- Біз бар назарымызды тек үздік мектептерге ғана бөлінетінімен келіспеймін. Біздің міндетіміз – барлық мектептердегі білім сапасын бірдей деңгейге келтіру, - деді Ерлан Қошанов. – Мен керісінше, тағы 50 үлгерімі төмен мектептерді алып, олар үздік білім ордалар қатарына енуі үшін шара қолдануымыз қажет.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 24°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 702
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»