Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Қазыналы, кенді қала» көрмесі ашылды

Мереке қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қарағандының тарихына арналған көрме ашылды. Көрме «Қазыналы, кенді қала» деп аталады, жәнеде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр.

- Биылғы жылы біздің қаламызға 84 жыл толады. Қарағанды өзінің бірегей оқиғаларымен, халқымен, еңбек ерліктерімен ерекшеленеді, - деді көрменің ашылу салтанатында ҚарМТУ сәулет кафедрасының доценті, Қарағанды облысы сәулетшілер Одағының мүшесі Сергей Лебедев. – Біз барлығымыз кеншілеріміздің, дәрігерлеріміздің, ғалымдарымыздың еңбектерін мақтан тұтамыз. Қарағандының өмірі өзінше бір бөлек – бұл көмір қоймасы және ғылыми орталық, жаңа технологиялар орталығы. Бұл – студенттер қаласы, қарағанды біздің республикамызды кадрлармен қамтамасыз етіп отыр.

Көрмеде Қарағандының құрылу кезеңдері туралы, қаламыз соғыс жылдары және соғыстан соң қандай болғаны туралы сыр шертетін мұрағаттық құжаттар мен материалдар ұсынылған. Жәдігерлер арасында – кеншілердің жабдықтары, И.В. Орловтың геолог кешені, соғыс жылдарындағы мұралар, кеңес кезіндегі үй тұрмыстық бұйымдары және қазіргі заманғы кәсіпорындардың өнімдері.

Көрме қаламыздың Қарағанды облысының көпсалалы және индустриалды орталығы бола бастаған сатыларын көрсетеді.

Сонымен қатар бұл күні мұражайда «Даладағы қала» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Оған облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Ержан Нұрмағанбетов, КарМТУ сәулет кафедрасының доценті, Қарағанды облыстық сәулетшілер Одағының мүшесі Сергей Лебедев, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Қымбат Әбдрахманова, өлкетанушы, облыстық бейнелеу өнері мұражайы директорының орынбасары Темірғали Аршабеков, жазушылар Одағының мүшесі Мұхамедқали Баймұқанов және Н. Гоголь атындағы облыстық кітапхананың өлкетану библиография секторының жетекшісі Светлана Медведева қатысты.

Олар қарағандының тарихы, бірінші ғимараттары туралы әңгімелерін айтты.

- Алғашқы құрылыстар, қоғамдық ,имараттар Ескң қала аумағында пайда болды, - дейді Сергей Лебедев. – Жаңа қаланың аумағын 35-36-шы жылдары сала бастады. Онда тау-кен техникумы, облыстық атқару комитетінің ғимараты, «Октябрь» кинотеатры салына бастады. Сонан соң Жазғы театр, Кеншілер мәдениет сарайы салынды. Сонан соң қала кеңейіп, Оңтүстікке жылжып, Оңтүстік-Шығыс Федоров су қоймасынан Майқұдыққа қарай созыла бастады – бұл мықты қала құрылысы ансамблі.

«Қазыналы, кенді қала» көрмесі Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында 15-ші ақпанға дейін жалғасады. Мұражай мекенжайы: Ерубаев көшесі, 38.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.42
Евро 400.04
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -15°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 729
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»