Саран қаласында алғашқы әлеуметтік қайырымдылық дүкені жұмыс істей бастады

Саранда алғашқы әлеуметтік қайырымдылық «БлагоДарю» дүкені ашылды. Онда заттарды тегін алуға немесе төмен бағамен алуға болады.
«БлагоДарю» дүкенінде әзірге кішігірім екі бөлім ғана бар. Біріншісінде – қолданыста болған, бірақ жағдайы жақсы киімдер. Олар мұқтаж жандарға тегін таратылады. Ал екінші бөлімде – дүкеннен сатып алынған жаңа заттар. Оларды сауда нүктелерінің иелері, тауар сатылмай қалған жағдайда алып келіп өткізеді. Бұл заттарды кез келген адам төмен бағамен сатып алуларына болады. барлық түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.
Мұндай дүкенді құру идеясы бұрыннан бері «Доброволец» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Анна Полковниковада туындаған екен. Алайда бұл істі ол бастай алмаған – оған қажетті ғимарат та, жалға алуға қаражат та болмаған.
- Қазіргі таңда дүкенді ашу мүмкіндігі Саран қаласының жастар ресурс орталығы мен жергілікті кәсіпкерлер палатасының филиалының көмегінің арқасында пайда болды. Олар қала әкімшілігімен келісіп, бізге тегін түрде екі кішігірім бөлме бөлінді. Бізге бұл әзірге жеткілікті, - дейді Анна.
«Доброволец» бірлестігінің қарауында 214 отбасы бар. Олардың кейбірі дүкенні алғашқы үш кұні аралығында қажетті киімдерін алып үлгерген.
- Бүгін дүкен үшінші кұн істеп жатыр. Кеше бізге төрт жанұя келді де, барлық отбасы мұшелеріне қажетті киім-кешектерін тегін алып кетті. Әрине, әзірге келушілердің барлығы тегін бөлімге барып жатыр. Алайда біз өзіміз де соған басымдылық танытып отырмыз, осылай боларын күткенбіз, - дейді Анна.
Айта кету керек, дүкеннің жанынан қала тұрғындары берген киім-кешектерді қалыпқа келтіру үшін кір жуатын бөлме ашу жоспарланып отыр.
Дүкеннің мекенжайы: Саран қаласы, Жамбыл көшесі 85А. Бұл жерге қажетсіз болып қалған, жағдайы жақсы киім-кешектерді алып келуге болады.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.32
Евро 396.28
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -11°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 722
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»