Облыстық бейнелеу мұражайында Равза Абусеваның «Шындықтан тыс жалғыздық» атты жеке көрмесі ашылды

Облыстық бейнелеу мұражайында Равза Абусеваның жеке көрмесі ашылды. Экспозиция 50 картинадан құралған. Суретшінің жұмыстары арасында әйел бейнелері көптеп кездеседі.
- Неліктен әйелдер? Ер азаматтарды ренжіткім келмейді, бірақ меніңше әйелдердің әлемі өте бай, ол анағұрлым қызықтырақ. Әйелдер барлығына үлгереді, олардың мойнында отьасы да, балалары да, жұмысы да бар, - дейді Равза Абусева.
Бұл суретшінің осы мұражайдағы үшінші жеке көрмесі. Равза Якуповна Абусева 1949 жылы Пенза облысы Алеево ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп шықты, содан соң сол университеттің көркем – графика факультетін аяқтады.
Кескіндемеші, көптеген республикалық, облыстық көрмелерге қатысқан.
Метафоралық реализм – бұл суретшінің осыдан бірнеше жылдар
бұрын өзінің ойлап тапқан жеке стилі, суретшінің романтикалық жан
дүниесінің көрінісі. Оның полотносы тыныш қана элегиялық әуенге толы,
жанына түскен кішкене ғана мұңды көрсетеді. Ол өзінің жұмысындағы әрбір
кейіпкерін сезімтал, жан тәнімен уайымдай алатын етіп көрсетеді, сонымен
қатар барлығымен диалог жүргізеді, әсіресе әлеммен жалғыздан жалғыз
қалған кезде, оны құшақ жая қарсы алатын көріністер өте әсерлі.

Бейнелеу өнері мұражайындағы көрме 30-шы қаңтарға дейін жалғасады. Бағасы 150 теңге. Мекенжайы: Бұқар Жырау даңғылы, 76.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.32
Евро 396.28
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -11°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 722
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»