95 маман 2017-ші жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде көтерме ақы алды

95 жас маман «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында көтерме ақы алды. Өткен жылы бұл бағытқа 15 миллион 88 мың теңге бөлінген болатын.
2017-ші жылы жобаға қатысқан 39 жас маманға баспана сатып алу үшін 131 миллион 673 мың теңге бөлінген болатын. Биылғы жылыбұл мақсатқа қанша қаражат бөлінетіні әзірге белгісіз. Көтерме ақы мен баспана сатып алуға арналға қаражат бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілерден сәйкесінше өтінім түскен соң республикалық бюджеттен бөлінеді.
- Негізінен оқу бітірген соң ауылға баратын жастар – ол ауылдан оқуға келген жас азаматтар. Олар үшін аталмыш бағдарлама – ауылға оралуға, жұмыс табуға, көтерме ақы алып, өз баспанасына қол жеткізуге ынталандырма болып табылады. Қалалық жастардың арасынан бұл бағдарламаға қатысамын деушілер кемде-кем, - деп мәлімдеді жастар саясаты сұрақтары бойынша басқарма басшысы Мирас Құттыбай.
Ол сонымен қатар ауылдық жерлерде көбінесе түрлі бағыттағы дәрігерлер мен оқытушылар, оның ішінде ағылшын пәнінің мұғалімдері тапшы екенін атап айтты.
Олармен қоса «Дипломмен ауылға!» бағдарламасына білім, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау, ветеринария, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары қатыса алады. Ауылдық жерлерде жұмысты ЖОО түлектері өздері таңдай алады, сонан соң бағдарламаға қатысу туралы шешім қабылдайтын аудандық комиссияға құжаттарын тапсырады. Егер кандидатураны құптайтын болса, қатысушыға 70 айлық көрсеткіш көлемінде (2018-ші жылы 168 350 теңге) көтерме ақы беріп, баспана салуға немесе сатып алуға 15 жылға дейінгі мерзімге 0,01% жылдық сыйақы мөлшерлемесімен 1500 айлық көрсеткіш көлемінде (2018-ші жылы 3 607 500 теңге) несие беріледі.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.42
Евро 383.51
Рубль 5.29
В Нуринске сейчас: 28°C ашық
  • Дымқылдылық: 25%
  • Қысым: 710
  • Жел: 9 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»