Ерлан Қошанов 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық қызметтерін құруды тапсырды

Қарағанды обысының әкімі Ерлан Қошанов медициналық-санитарлық көмекті дамыту бойынша тапсырмалар берді.
- ҚР Президенті Нұрсұлтан назарбаев алдын алу шараларын үдету арқылы медициналық көмекті жақсарту бойынша нақты тапсырмалар қойды. Бізге алдағы уақытқа алғашқы медициналық-санитарлық көмекті әрі қарай дамытуға басымдылық жасау қажет. Отбасылық денсаулық орталықтарының желілерін дамыту керек, соның арқасында білікті көмекті тұрғындарға жақындатуымыз тиіс, - деді Ерлан Қошанов Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттарын талқылауға арналған актив жиналысында.
Ол мысал ретінде Қарағандыда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде ашылған отбасылық денсаулық орталығын келтірді.
- Бұл тәжірибені әрі қарай жалғастыруымыз қажет. Денсаулық сақтау басқармасымен және қала мен аудандардың әкімдерімен бір апталық мерзім ішінде обысымыздың аймақтарында отбасылық денсаулық орталықтарын дамыту бойынша егжей-тегжейлі жобалары ұсыналатын болсын, - деп тапсырма берді аймақ басшысы. – Облысымыздың барлық емханаларында қоғамдық денсаулықты қорғау қызметтерін, жастар денсаулығы орталықтарын дамыту қажет. Осы орайда Денсаулық сақтау басқармасына 1-ші ақпанға дейін Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құруды және кезең-кезеңмен барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында филиалдар ұйымдастыруды тапсырамын.
Сонымен қатар облыста ғалымдардың қатысуымен онкологиялық дерттермен күрес бойынша жаңа Кешендік жоспар құрылатын болады.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.10
Евро 400.53
Рубль 5.78
В Нуринске сейчас: -16°C ашық
  • Дымқылдылық: 75%
  • Қысым: 724
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»