Қарағанды облысында Аймақтық инновациялар кеңсесі құрылады

 Қарағанды облысының активі жиналысында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында жаңа мүмкіндіктерді дамыту» Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттер мен мақсаттар талқыланды.
- Бұл бағдарламалық құжат ерекше стратегиялық маңызға ие. Ол жаңа тарихи кезеңде мемлекеттік құрылыс мәселелерін шешуге бағытталған. Өзінің Жолдауында Елбасы біздің алдымызға 10 негізгі міндетті қойып отыр. Оларды шешу арқылы Қазақстан төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік белсенді терең өзгерістер заманына қадам баса алады. Біз оларды бүгіннен бастап орындауға кірісуіміз қажет, - деп атап өтті Ерлан Қошанов.
Өзінің баяндамасында ол әр 10 міндетке нақты тоқталып өтті.
Экономика саласында облысымыз оң нәтижелер көрсетуде, деп атап өтті аймақ басшысы. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс бір жылда 3,2% өсті. Бұл сектордағы еңбек өнімділігі бір жұмыскерге 19 мың долларды құраған – бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.
Бүгінгі таңда кәсіпорындарға өз өндірістерін жаңғыртуға және сандық жүйеге ауысуға қаражат салу керек.
- Жергілікті атқару билік органдары ретінде біздің міндетіміз – аталмыш бағытта өндірісті дамыту үшін жағдай жасау. Біз ғалымдар мен өндіріс ошақтары өзара диалог құратын алаң жасадық - Ғылым, инвестициялар және жаңа технологиялар бойынша Кеңес. Биылғы жылы аймақтың ғылыми ұйымдарымен және өндірістік кәсіпорындарымен өзара қарым-қатынас орнататын Аймақтық инновациялар кеңсесін құру және дамыту көзделіп отыр, - деп мәлімдеді Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасына Ғылым, инновациялары және жаңа технологиялар бойынша Кеңеспен біріге отырыпанағұрлым инновациялық идеялар мен жобаларды енгізу, алға жылжыту, қолдау және іздестіру бойынша жұмыстарды белсендірек етуге тапсырма берді.
Актив жиналысына мемлекеттік органдардың жетекшілері, қала және аудан әкімдері, ҚР Парламент Мәжілісінің, мәслихаттардың депутаттары, өндірістік кәсіпорындардың басшылары, қоғам өкілдері қатысты.


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 341.18
Евро 392.97
Рубль 5.34
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»