«АрселорМиттал Теміртау» басшылары кәсіподақ өкілдерімен жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойды

 «АрселорМиттал Теміртау» жетекшілері 22-ші қарашада болат, көмір және темір рудалы секілді үш кәсіпорын департаменттерінің жетекшілерімен жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойды. Бұл құжат компанияның Қарағанды облысы аумағында атқарған жұмысы тарихындағы алғашқы ұжымдық келісімшарт болып табылады.
Ол жайлы Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Астанада өткен брифинг барысында мәлімдеді.
- «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы мен кәсіподақтар арасында келеңсіздіктер болған, - деді аймақ басшысы. – Кәсіподақтар мен компанияның жетекшілері бұл проблеманы екі ай аралығында талқылады. Мен 22-ші қарашада жаңа ұжымдық келісімшартқа қол қойылғаны туралы хабарлаймын. Кеншілер мен металлургтер үшін жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталып қалды. Кәсіподақтардың пікірінше, жаңа келісімшарт жақсартылды. Еңбек ақысын ұлғайту сұрағына көшер болсақ, бұл мәселеге қатысты процесс әлі жүріп жатыр. Компания басшылығы мен кәсіподақтар арасынағы өзара түсіністікке қол жеткізілді деп айтуға болады. Жақын арада олар өз шешімдері туралы жариялайды деп ойлаймын.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановқа ұжымдық келісімшартты орнату мәселесін қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын. Сол тапсырмаға сай, облыс әкімдігі компания басшылығы мен кәсіподақтар өкілдерінің келіссөз алаңына айналды. Соның арқасында құжатқа қол қою мүмкін болды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі келісімшарттың мерзімі жазда аяқталған болатын, алайда сәлден кейін ол осы жылдың соңына дейін созылды. Жаңа келісімшарттың жобасы қыркүйек айында ұсынылды, дегенмен онда өнідіріс орнында қаза болған жұмыскерлердің отбасыларына төленетін өтемақыға қатысты пункт болмағаны, сондай-ақ қосымша демалыс күндерінің төлемі, жеңілдіктер, санаторийде емделу және басқа да мәселелер айтылмағаны кәсіподақ өкілдерінің наразылығын тудырған болатын.
Кеше қол қойылған құжаттың нұсқасы екі жақты да қанағаттандырды.
- Бірегей келісімшарт біздің компания көмір және болат департаменттер арасында еш айырмашылық жасамайтынын көрсетеді, - деп атап өтті «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлер бойынша директоры Анна Адом. – Сонымен қатар ол құжат компания өз қызметкерлері үшін қомақты қаражат құюға дайын екенін көрсетеді. Ендігі кезекте біздің әрі қарайғы мақсатымыз - біздің жеңілдіктеріміз өзекті және шынымен де компанияға өз қызметкерлеріне қолдау көрсетуге көмектесуі үшін осы келісімшартты дамыту болып табылады.
- Қарағанды облысының әкімдігіне келіссөз өткізу үшін медиация іспеттес алаң ұсынғандары үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Бірлесіп біз қызметкерлер үшін маңызды болып табылатын ұжымдық келісімшарттағы пункттерді сақтап қала алдық, - деді «Қорғау» көмір департаментінің кәсіподақ басшысы Марат Миргаязов құжатқа қол қойылған соң. – Келісімшартқа қол қойылмас бұрын біз не күтерімізді білмедік, алаңдаушылық болды. Осы уақыт аралығында кәсіпорыннан 400 тәжірибелі кеншілер, жақсы мамандар жұмыстан шығып кетті. Ол дегеніміз өте жаман көрсеткіш, себебі шахталарымыз қаншалықты бай болса да, адамдарсыз ол жерден ештеңе өнбейді.
Айта кететін жайт, жаңа ұжымдық келісімшартқа сай, бұдан былай шахта қызметкерлері арасында аналарды қолдау және 13-ші жалақы секілді жеңілдіктер таратылады. Осыған дейін ол тек болат департаментінде жұмыс істейтін мамандарға ғана көрсетілетін. Демалыс орындары да енді мамандығына қарамастан компанияның барлық қызметкерлеріне қолжетімді болады. Зейнеткерлерге көмек көрсету пункті де өзгеріссіз қалды. Оларға жеңілдіктер толығымен кәсіподақтармен бақыланып, таратылатын болады: компания кәсіподақтарға кәсіподақ мүшелерінің жалақысы қорының 0,4% көлемінде бірегей қорды аударады да, олар өз кезегінде зейнеткерлердің қандай қажеттіліктеріне ол қаражатты жұмсау керектігін шешеді.
Жаңа ұжымдық келісімшарт 2018- ші жылдың 1-ші қаңтарынан бастап өз күшіне енеді. Ол құжат 2021-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейін әрекет етеді.


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»