Қарағанды облысында фин технологиясы бойынша жұмыс істейтін қоқыс өңдеу зауытының құрылысы жоспарланып отыр

 Қарағанды облысы ЭКСПО-да ұсынылған технологияларды енгізумен айналысады. Ол жайлы аймақ басшысы Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында хабарлады.
«ЭКСПО-да ортаға салынған технологиялардың ішінен Қарағанды обысында 31 жоба әрі қарай зерттеп, енгізу үшін іріктеп алынды, - деді облыс әкімі. – Мысалы, Қарағанды үшін біз қоқысты өңдеудің оңтайлы технологиясын іздестірген болатынбыз. Барлық ұсынылған жобалардың ішінен біз фин ғалымдарының зерттемесін таңдадық. Ол қоқысты қалдықсыз өңдеуді қарастырады. Қазір қалалық коммуналдық қызмет осы технология негізіндегі қоқыс өңдеу зауытының құрылысын бастау мүмкіндігін қарастырып жатыр».
Кейбір жобаларға аймақтың аграрийлері қызығушылық танытқан екен. Екі өсімдік өсіру шаруашылығы жаңа су үнемдеу технологиясын енгізуді көздеп отыр.
Облыста сонымен қатар қайта жаңартылмалы энергетика дамып келеді. «Бүгінгі күннің өзінде облыста жаңартылмалы энергия көздері жылына 4,6 млн кВт/сағ қуат береді. Көп емес әрине, алайда бұл жаңа ауқымды бағыттың тек бастамасы ғана. 2020-шы жылға қарай біз тағы 6 жаңа жасыл энергетика нысандарын іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұл энергия көздерінің жалпы қуаттылығы 261 МВт құрайтын болады», - деп мәлімдеді Е.Қошанов.
Үш күн электр станциялары салынатын болады: Ақтоғай және Шет аудандарында – 40 МВт-қа, Саранда – 100 МВт.


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»