Қарағанды облысында смарт-медицина элементтері енгізілді

Қарағанды облысында сандық технологиялар әлеуметтік салаға енді. Ол жайлы облыс әкімі Ерлан Қошанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.
«Облыста смарт-медицина енгізіліп жатыр. Кешендік медициналық ақпараттық жүйеге барлық емханалар мен ауруханалар енгізілген, оның ішінде жеке меншік мекемелер де бар, - деді Е. Қошанов. – Емделушілерге ол келесідей мүмкіндіктер береді. Емханадағы дәрігерге қаралуға жазылу – бұрыңғыдай тіркеу орны арқылы жазылуға болады, жәнеде арнайы мобильді қосымшаны жүктеп алып, емхананың ресми сайтына кіріп немесе терминал арқылы да жазылуға болады. Бұл қызмет түрлерімен қазірдің өзінде емханаға келушілердің үштен бір бөлігі пайдаланады».
Сонымен қатар жүкті әйелдерге арналған Босанғанға дейінгі патронаж арнайы қосымша да бар. Келешекте бір жасқа толмаған балаларға арналған мобильді патронажды іске қосу жоспары тұр.
«Сандық флюоротека құрылды. Жыл сайын оған 700 мың адамның өкпе суреттері жүктеледі. Олардың барлығы қаралатын уақыт келгені туралы хабарлама алады, жәнеде дәрігерлер де ол базаға ену құқығына ие. Соның нәтижесінде алдын ала қаралу тиімділігі 20-дан 75%-ға дейін үлғайды», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Оның айтуынша, жедел жәрдем бірегей диспетчерлік қызметін құру науқастардың шақыртуларына уақтылы бару көрсеткіштерін 90%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін облыста денсаулық сақтау саласы толықтай электронды картаға ауысуды жоспарлап отыр.
Білім беру саласында да процесстер автоматтандырылуда. Қарағанды облысы «Балабақшаға электронды кезек» республикалық пилоттық жобаға қатысады. «Биылғы оқу жылында облыстың 230 мектептері электронды журналды енгізуге көшкен. Ата-аналарға арналған Edu-Mark мобильді қосымшасы жасалған, оны 64 мыңнан астам адам пайдаланады», - деп жалғастырды Ерлан Қошанов сандық жүйені пайдаланатын жобалар тізімі туралы мәлімдегенде.
 


Вернуться назад


Все новости региона на karaganda-region.gov.kz

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 335.33
Евро 395.49
Рубль 5.70
В Нуринске сейчас: -10°C ашық
  • Дымқылдылық: 65%
  • Қысым: 729
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»