«Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік қызметі

Уақыт өзгереді, сонымен бірге коммуналдық қызмет бағалары да өзгереді. Егер Сізде ең төмен зейнетақы болса және коммуналдық қызметтер төлеміне қаражатыңыз жеткіліксіз болса, онда «ХҚКО» арқылы көрсетілетін «Тұрғын үй көмегін тағайындау» қызметін пайдалана аласыз. Қызмет Сіздің тіркелген жеріңіз бойынша көрсетіледі. Сондай-ақ, Сіз тұрғын үй көмегін тағайындауға арналған өтінішті www.egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере аласыз.
Сізге келесі құжаттарды ұсыну керек: белгіленген үлгідегі өтініш, жеке куәлік, отбасының кірісін растайтын құжаттар (зейнетақы алу туралы ЗТМО, жұмыс орнынан, оқу орнынан және т.б. анықтама), тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар, коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар, телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
Күнтізбелік 10 күннен кейін Сіз тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама аласыз. Егер Сіз www.egov.kz порталын пайдалансаңыз, Сіз тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өзіңіздің жеке кабинетіңізге электрондық хабарлама аласыз. Қызмет тегін көрсетіледі.

Анықтама: ағымдағы жылдың 11 айында Қарағанды облысы бойынша 9330 қызмет көрсетілді.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 346.68
Евро 404.02
Рубль 5.47
В Нуринске сейчас: 23°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 58%
  • Қысым: 707
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»