Талап етілетін анықтама!

Жұмысқа тұру – мекенжай анықтамасы;
Несие – мекенжай анықтамасы;
Емхана – мекенжай анықтамасы...

Ақпараттық қызметтерді алу оңай. Кез келген ақпараттық қызметтерді жақындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады. Халықтың арасында сұранысқа ие ақпараттық анықтамалар: мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамалар, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеу және оның техникалық сипаттары туралы анықтамалар және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтамалар болып табылады.
Неліктен бұл анықтамалар сұранысқа ие?
Мысалы, олардың ішіндегі сұранысқа ие құжат – мекенжай анықтамасы барлық жерде қажет. Жұмысқа тұру, емханаға жүгіну, түрлі жәрдемақы алу және зейнетақы тағайындау, несие ресімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растау, оқу орындарына түсу, ғаламтор қосу және тағы басқалар үшін қажет. Осы себептен мекенжай анықтамасын беру бойынша жүгінулер саны күн сайын артуда.
Сөйтіп, «ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Тлеубай Құсайыновтың айтуынша, бүгінгі күнде кез келген анықтаманы заңды негізде алу қиын емес.
«Сонымен қатар, Сіз анықтаманы тек ХҚКО ғимараттарында орнатылған қоғамдық қолжетімділік пункті арқылы емес, сонымен қатар өз бетінше «Connection point» секорында ала аласыздар. Бұл үшін электрондық-цифрлық қолтаңба болуы керек. Электрондық-цифрлық қолтаңба болған жағдайда, Сіз бұдан былай бұл қызметтерді үйден шықпай-ақ электронды үкімет порталында онлайн режимінде ала аласыз»,- деп қосты. Бұл мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Сондай-ақ, Филиал директоры 1 және 2- топ мүгедектігі бар мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қызметтерді үйінде ала алатынын атап айтты. Бұл үшін олар 1414 нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығына жүгініп және қызмет алу үшін ыңғайлы уақытты көрсету қажет. Мобильдік топ 72 сағаттың ішінде мем.қызмет көрсету үшін үйлерге шығуды жүзеге асырады.
Ұсынылған деректер бойынша ағымдағы жылғы 9 ай ішінде Қарағанды облысының ХҚКО арқылы 2 008 622 электрондық анықтамалары берілді, оның ішінде 1 383 522 мекенжай анықтамалары.

«ХҚКО» РМК Қарағанды облысы бойынша филиалының баспа қызметі

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»