Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерін мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Бұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті іске қосқан бірлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.
«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттік кірістер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзінде азаматтар салық қызметтерін қандай да бір кедергілерсіз, ал келесі жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бірыңғай электрондық кезек тәртібімен ала алатын болады. Яғни біз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттің дайын құжатты алған сәтіне дейін қадағалай алатын боламыз», - деп айтып өтті ол.
Аталған «пилоттың» шеңберінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері 14 салық қызметін ұсынады. Олардың ішінде: Дара кәсіпкерді тіркеу есебіне алу, салық төлеушілерді тіркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кірістер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептілігін кері қайтарып алу және т.б. Қазіргі уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерінен өтеді.  
Айта кетейік, осы іспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттік кірістер басқармаларында қолданылды. Енді бұл тәжірибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.
Қазіргі уақытта облыстық мемлекеттік кірістер органдарына ХҚКО-ның                            5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында – сәйкесінше 10 және 20 қызметкер іссапарға жіберілді.
Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейін созылады.
Бүгінгі күні республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың ішінен 9-ы автокөлік иелеріне қызметтер көрсету жөніндегі мамандандырылған ХҚКО.
Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13 711 696 қызмет көрсетілген, оның ішінде 10 366 299 – электрондық нысанда ұсынылды.

 


 

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 324.27
Евро 398.27
Рубль 5.73
В Нуринске сейчас: -23°C ашық
  • Дымқылдылық: 69%
  • Қысым: 728
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»