Азаматардың хаттары мен өтініштерін талдау

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңын орындау мақсатында өтініштер мен шағымдарды есепке алу және қаралуын қадағалау жұмысы үнемі «Айқын» бағдарламасында жүргізіледі.
Барлық мемлекеттік органдарда және ауыл кент әкімдері аппараттарында азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдау жәшіктері орнатылған.
2017 жылдың 9 ай қорытындысына сәйкес аудан бойынша жеке тұлғалардан 337 өтініш және заңды тұлғалардан 53 өтініш түсті, былтырғы жылмен салыстырғанда 427 арызға төмендеді. (2016 жылдың 9 айда – 817 өтініш).
Жоғары және басқа органдардан түскен өтініштердің саны – 32. Оның ішінде облыс әкімі аппаратынан – 21 өтініш түсті, аудан прокуратурасынан – 8, басқа органдардан – 3, бұл көрсеткіштерді былтырғы жылмен салыстырғанда – 9 өтінішке төмендеді. (2016 жылдың 9 айда – 41 ).
Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережесінің 3 қосымшасына сәйкес барлық мемлекеттік органдарымен қабылданған өтініштерге 18 таңбалы бірегей нөмірі жыртылмалы талондары беріледі.
Нұра ауданы бойынша түскен 390 өтініштерден 222 - жер мәселесі бойынша, 48 – халықты жұмыспен қамту және еңбек мәселесі, тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі және коммуналдық шаруашылығы бойынша – 32, ауылшаруашылығы туралы – 3, мемлекеттік басқару сұрақтары – 10, білім беру туралы – 38, қаржы мәселесі бойынша – 14, басқа сұрақтар – 23.
Өтініш шағым және арыздарда қойылған сұрақтар бойынша 163 - азаматтар қанағаттандырылды, 168 – түсініктеме берілді, 17 - бас тартылды, 9 - қаралуда, 33 - бағыныстылық бойынша жіберілді. Барлық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мерзімдеріне сәйкес қарастырылды, бұзылған мерзімдері анықталмаған.
Аудан әкімі және аудан әкімінің орынбасарлары азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы аудан әкімі бекіткен қабылдау кестесі бойынша өткізеді. Азаматтарды қабылдау кестесі аудандық «Нұра» газетінде, аудан әкімінің сайтында жарияланған.
Бүгінгі күні аудан әкімінің қабылдауында – 55 адам, аудан әкімінің орынбасары М. Жұмановтың қабылдауында – 45 адам, аудан әкімінің орынбасары М. Тұраровтың қабылдауында – 12, аудан әкімінің орынбасары У. Оспановтың қабылдауында - 13, аппарат басшысы Д. Серіковтің қабылдауында – 10 адам қабылданды. Аталған көрсеткіштерді талдау негізінде сұрақтардың 80% жер бөлу, жұмысқа тұру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты.
2007 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының арнаулы есеп және құқықтық статистика комитетінің басқармасына тоқсан сайын «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ нысанды статистикалық есептері уақытына сәйкес тапсырылады.
Қарағанды облысы әкімінің блогында Нұра ауданы бойынша - 6 жолдама тіркелген. Барлық жолдамалар қаралып, жауаптары мерзімдеріне сәйкес берілді.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, арыз, шағымдарын қарау тәртібі үнемі бақылауда.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 325.79
Евро 402.94
Рубль 5.33
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 34%
  • Қысым: 716
  • Жел: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»