«Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ


3D протездеудің технологиялары!

«Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК (бұдан әрі-Орталық) директорының орынбасары Мынжасар Шарипович Шугаепов мәліметіне сәйкес Орталықтың басты бағыты болып протездік-ортопедиялық көмек көрсету және есту-сөйлеу оңалту болып табылады.
Протездік-ортопедиялық көмек «Әлеуметтік қорғауды және халыққы көмекті республикалық көлемде көрсету» бюджеттік бағдарламасы аясында іске асырылады. Орталық протездік-ортопедиялық көмекті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісім шартқа отыру арқылы мемлекеттік тапсырысты орындау арқылы іске асырады.
Жергілікті бюджет арқылы сатып алынатын протездік-ортопедиялық көмек көрсету бойынша мемлекеттік сатып алуларға Орталық қатыспайды.
Орталықтың басты міндеттері – күрделі, аса күрделі, жарақаттың ауытқуы, алғашқы протездеу кездерінде протездік-ортопедиялық көмек көрсету, жаңа және ең соңғы технологиялар бойынша технологиялық нормативті құжаттарын дайындау және оларды игеру және өндіріске енгізу.
Орталық енгізген протездік-ортопедиялық бұйымдар:
- Целл Каст Экстра композит материалынан жамбас және жіліншік емдеу протездері;
- миоэлектрикалық Миофасцил (Отто Бокк) и РСЛ Стипер (Ұлыбритания) білекті қол протездері;
- жоғары динамикалық табанды және 3Е80 гидравликалық басқарылатын және микропроцессоры бар электр-механикалық тізе жамбас протезі;
- жамбасты 7Е9 және 7Е10 мүшелендіруден кейін бір ості полицентрлік жамбас модульді протездер;
- АероЛинк вакуумды жүйесі бар жіліншік протезі;
- ПроСил вакуумды жүйесі бар жамбас протезі;
- Хармони белсенді вакуумды жүйесі бар жіліншік протезі;
- Кисс бекіту жүйесі бар жамбас протезі;
- гидравликалық және пневматикалық тізе модулі бар жамбас протезі;
- төменгі дене мүшелеренің спорттық протездері;
- ОБ фирмасының шиналары бар термопласт және ортокрилдан жасалған бүкіл аяққа аппараттар;
- акваЛайн жүйесі бар суға түсуге арналған жамбас протездері және т.б.
Аталған протездерді дайындауға толытырушылар (комплектующие), полуфабрикаттар көбінесе Отто Бокк, Оссур (Исландия), РСЛ Стипер (Ұлыбритания), Ортэкс (Ресей) компанияларының материалдары қолданылады.
2017 жылғы тамызында алғашқы рет 3Д технологиясымен косметикалық қаптауы және кигізілетін чехолмен, гильзамен жіліншік протезі жасалды.
3Д РМ фирмасының мамандарымен бірлесе отырып 3Д технологиясы бойынша протездерді жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осы протездің артықшылығы болып 3Д принтерде шығарылған 3Д сканерлеу және 3Д модельдеу бойынша гильза көлемі, мөлшері бойынша дәл келеді, гильзаны келтіру қажет болмайды протездің гильзасы бір рет киіледі. Гильзанын шеттері карбон матамен және пластиктің үсті шыны талшықпен қапталған. Құйылатын шайырмен жасалған протезден салмағы аз. Қолмен қайталанатын, орындалатын технологиялардың болмауынан жұмыс шығыны азаяды. Материалдар, уақыт шығыны азаяды және т.б.
Су процедуралары үшін 3д технологиясы бойынша жамбас протезін жасау кезінде протезге киілетін чехолдар мен накладкаларды жасау бойынша техникалық жұмыстар бір мезгілде жүргізіледі.


Халықты ақпараттандыру қолжетімділігін арттыру үшін Қарағанды облысының Прокуратурасы «invalidi.do.am.» сайтын әзірлегенін хабарлаймыз.
Сайтта пайдаланушылар мүгедектікті тағайындау критериялары, рәсімдеу тәртібі жөнінде,мүгедетігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау және тағы да басқа жеңілдіктер туралы ақпарат алуға мүмкіндігі бар.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»