Ереже

«Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітіліп құрылған кәсіпкерлік саласында мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындауға атқарушы  мемлекеттік органы болып табылады.
2.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекеме ведомстволары жоқ.
3. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге нормативті құқықтық актілеріне, соңдай – ақ осы Ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаң балары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында және банктер шоттары болады.
5. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган бастықтың бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Бөлімнің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Киевка кенті, Абай көшесі, 48 үй.
10. Бөлімнің толық атауы: «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
13.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

14.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:  шағын және орта бизнесін Қазақстан Республикасының Заңдары және  өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қолдау.
15.  Міндеттері:
1)    Шағын және орта бизнес және экономика нақты секторын дамыту саласында аумақтық әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын орындау жұмысын үйлестіру және бақылау;
2)  Экономиканың дамуын болжау, анализ жасау және экономиканың нақты секторы мен шағын кәсіпкерліктің көрсеткіштер бойынша есеп беру.
16.  Функциялары:
1)   Аудандағы экономикалық жағдайға, еңбек рыноктарының жағдайына, капитал және тауарларға, реформаның жүру барысына талдау жасау;
2) Ауыл-шаруашылық өндірістің индустриялық инфрақұрылымның................ диверсификация және сауығуының негізгі бағыты даму зерттеме және үйлестіру;
3)  Шетелдер және  отандық инвестицияның тартуы сөйлемнің дайындығы,   оның игерушілігінің тиімділігін талдау;
4)   Ауданның халық шаруашылық жетістіктерінің жәрмеңкелері мен көрмелерін ұйымдастыру, аудан кәсіпорындарының аймақтық, республикалық жәрменкелері және көрмелеріне қатысуын қамтамасыз ету;
5) Рыноктағы сауда саласында мемлекеттік саясат жүргізу, рыноктардың категориясын зерттеу және анықтау;
6)   Аудандағы инфляциялық процесстерді тежеу мақсатында жұмыс жүргізу;
7)   Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайда сауда, және азық – түлік қызметін үйлестіру;
8)  Жергілікті атқарушы органдар белгілеген жерден тыс сауда жасағаны үшін, әкімшілік құқықтық бұзышылықтар туралы хаттамалар жасау;
9)   Жоғарғы органдарға оперативтік акпараттар дайындау;
10)  Кәсіпкерлер Кенесінің жұмысын үйлестіру;
11)  Сараптама Кенесінің жұмысын ұйымдастыру;
12)  Аймақтық Үйлестік Кенесінің инвестициялық жобаларды қажетті аңыктау және таңдау  жұмысын үйлестіру;
13)  Экономиканың нақты секторының саласын жоспарлау, талдау және мониторинг жүргізу;
14)  Әлеуметтік  - экономикалық аумақтық бағдарлама әзірлеу және мониторинг жүргізу;
15)   Бөлімнің стратегиялық жоспарын әзірлеу;
16)   Индустриалдық – инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыру;
17)   Сериясы ИСО 9000 сапалық менеджмент жуйесін енгізу жұмыстарын өткізу;
18) Жаңа өндіріс құру және жана жұмыс орнының жаралған, пәрменді өндірістерді дамыту  және кеңейту жоспарын іске қосу, мониторинг жүргізу.
19)  «Бизнестің жол картасы - 2020», «Өнімділік - 2020»  бағдарламалар жүзеге асыру;
20) Қазақстан Республикасының белгіленген заңдылықтарына байланысты, базарларында және сауда кәсіпорында орындарында ережелермен нормаларға сәйкес сауда тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылаушы органдармен бірге қадағалау;
21) Кәсіпкерлік көрсеткіштері бойынша мониторинг және ай сайынғы есеп дайындуға аудан көлемінде мәлімет  жинау;
22)   Бұхаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлікті қолдау мәселелерін кеңінен жариялау жүргізу;   
23)  Басқа органдармен бірге кәсіпорындарды қаржылық жандандыру, санация және банкроттық саясатын әзірлеуіне қатысу.
17.  Құқықтары мен міндеттемелері:
1) Бөлімде жүктелген функцияларды орындау үшін жергілікті атқарушы органдардың, аудандық бөлімдерден және басқармалардан, экономикалық және әлеуметтік дамыту туралы нақты көрсеткіштерін және т.б. ақпараттар алу;
2) Жергілікті  бюджеттен қаржыланатын органдарға жеке экономикалық мәселелер жөніңде мәліметтер дайындау туралы тапсырма беру. Бөлімге жүктелген функцияларына жататын шараларды жүзеге асыру үшін ұйымдарды, қаржы органдарын олардың басшыларының келісімімен тарту;
3)    Бөлімде жүктелген функцияларды орындау үшін ведомстволардан, мемлекеттік басқару органдарынан хабарлық, методикалық, нормативтік материалдарды, статистикалық мәліметтерді алу;
4)    Әкімнің құзыретіне жататын сұрақтарды оның қарауына ұсыну;
5)  Жергілікті деңгейде шешілетін мәселелердің жүзеге асыруына байланысты ұсыныстар беру;
6) Белгіленген тәртіпте Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар және жиналыстар жүргізуге;
7)   Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да  іс- әрекеттерді жүзеге асыру құқығы бар.

3. Бөлімнің қызметін  ұйымдастыру

18.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты, бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыру дербес жауапты болатын бастығы жүзеге асырады.
19.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Нұра ауданы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады,және қызметтен босатады.
20. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босалатын орынбасарлары жоқтығы  болады.
21. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының өкілеттігі:
1)   Бөлімнің қызметкерлерінің өкілеттігі мен міндеттерін айқындайды;
2)   Заңдылықтарға сәйкес бөлімнің  қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады;
3)   Заңда белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне, тәртіптік жаза қолданады;
4)   Жеке жауапкершілікті белгілеумен Бөлімде жемқорлыққа қарсы әрекет етеді;
5) Өз құзыреті Бөлімнің қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтарды шығарады;
6)   Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда өз құзыреттігі шегінде бөлімнің мүддесін қорғайды;
7)  Бөлімінің әкімшісі болып табылатын төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын бекітеді;
8) Мемлекеттік мекеменің басшысы мекеме құжаттардың сақталуын және мекеменің таратылуы кезінде құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыруды қамтамасыз етеді;
9)  Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
22. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бастық басқарады

4. Бөлімнің мүлкі

23.  «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  жедел басқару құқында оқшауландырылған мүлкі бар.
«Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  мүлкі оған мемлекетпен берілген мүліктер есебінен қалыптасады, негізгі және айналымдағы құралдардан, сондай - ақ өз бөлімнің баланысында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.
24. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесімен  берілген мүліктер коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқық жоқ.

5. Бөлімнің қайта ұйымдастыру  және тарату

26. «Нұра ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Нұра ауданының
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
бөлімінің басшысы
Ж.Мұхамеджанов

 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 352.54
Евро 415.15
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 12°C облачно
  • Дымқылдылық: 56%
  • Қысым: 718
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»