ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына
2-қосымша


ИИДМБ-ға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптегі басым секторлардың тізбесі


ЭҚЖЖ
коды Атауы

1 2
Қара металлургия
24.10 Шойын, болат және ферроқорытпа өндірісі
24.20 Құбырлар, құбыржолдар, пішіндер, болаттан жасалған фитингтер өндірісі
24.31 Суықтай илеу (болат шыбық пен тұтас әзірлеме өндірісі)
24.32 Таспалар мен жіңішке жолақтарды суықтай илектеу
24.33 Суықтай пішіндеу немесе бүктеу
24.34 Суықтай созу әдісімен сымдар өндірісі
Түсті металлургия
24.41 Бағалы (асыл) металдар өндірісі
24.42 Алюминий өндірісі
24.43 Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі
24.44 Мыс өндірісі
24.45 Өзге де түсті металдар өндірісі
Мұнай өңдеу
19.20 Мұнай және мұнай өнімдері
Мұнай-газ химиясы
20.14 Өзге де негізгі органикалық химиялық заттар өндірісі
20.16 Бастапқы нысандағы пластмассалар өндірісі
20.17 Бастапқы нысандағы синтетикалық каучук өндірісі
Тамақ өнімдерінің өндірісі
10.11 Етті өңдеу және консервілеу
10.12 Үй құсының етін өңдеу және консервілеу
10.13 Еттен және үй құсы етінен жасалған өнімдер өндірісі
10.20 Балықты, шаянтектестерді және ұлуларды өңдеу және консервілеу
10.31 Картопты өңдеу және консервілеу
10.32 Жеміс және көкөніс шырындарының өндірісі
10.39 Жемістер мен көкөністерді өңдеу мен сақтаудың өзге түрлері
10.41 Майлар мен тоң майлар өндірісі
10.42 Маргарин мен осыған ұқсас жануарлар тоң майларының өндірісі
10.51 Сүт өңдеу және ірімшік өндірісі
10.61 Ұн тарту-жарма өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
10.62 Крахмал және крахмалдан жасалатын өнімдер өндірісі
10.71 Нан өндіру ісі; ұннан дайындалған жаңа пісірілген кондитерлік тағамдар, торттар мен тәтті тоқаштар өндірісі
10.72 Қатырлақ нан мен печенье өндірісі; ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан дайындалған кондитерлік бұйымдар, торттар, тәтті тоқаштар, бәліштер мен бисквиттер өндірісі
10.73 Макарон өнімдерінің өндірісі
10.81 Қант өндірісі
10.82 Какао, шоколад және қанты көп кондитерлік бұйымдар өндірісі
10.83 Шай және кофе өңдеу
10.85 Дайындалған тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттар өндірісі
10.86 Балалар тағамы мен емдәмдік тамақ өнімдерінің өндірісі
Агрохимия
20.15 Тыңайтқыштар мен құрамында азот бар қоспалардың өндірісі
20.20 Пестицидтердің және өзге агрохимиялық өнімдердің өндірісі
Өнеркәсіпке арналған химикаттар өндірісі
20.11 Өнеркәсіптік газдардың өндірісі
20.12 Бояғыштар мен пигменттер өндірісі
20.13 Негізгі бейорганикалық қосылыстар өндірісі
20.30 Бояулар, лактар және ұқсас бояғыш заттар өндірісі
20.41 Сабын және жуатын, тазартатын және ысқылайтын заттар өндірісі
20.51 Жарылғыш заттар өндірісі
20.52 Желім өндірісі
20.53 Эфир майларының өндірісі
20.59 Өзге химиялық өнімдер өндірісі
20.60 Жасанды талшық өндірісі
Автокөлік құралдарының, олардың қосалқы бөлшектерінің өндірісі
29.10 Автокөлік құралдарын шығару
29.20 Автокөлік құралдарына арналған шанақтар, трейлерлер мен жартылай тіркемелер шығару
29.31 Автокөлік құралдары үшін электр және электронды жабдықтар шығару
29.32 Автокөлік құралдары мен олардың қозғалтқыштары үшін өзге де бөлшектер мен керек-жарақтарды шығару
30.99 Басқа топтамаларға қосылмаған өзге де көлік құралдары мен жабдықтарды шығару
Электр жабдығы
25.21 Радиаторлар және орталық жылыту қазандықтарының өндірісі
25.29 Өзге металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндірісі
25.30 Орталық жылыту қазандықтарынан басқа бу қазандықтары өндірісі
27.11 Электр моторлары, генераторлар және трансформаторлар өндірісі
27.12 Электр таратқыш және реттегіш аппаратура өндірісі
27.20 Батареялар мен аккумуляторлар өндірісі
27.31 Талшықты-оптикалық кәбіл өндірісі
27.32 Электр сымы мен кәбілдің басқа түрлерінің өндірісі
27.33 Электр аспаптарының өндірісі
27.40 Электр жарық беру жабдығының өндірісі
27.90 Басқа да электр жабдығы өндірісі
28.11 Авиациялық, автомобильдік және мотоциклдік қозғалтқыштардан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісі
28.25 Өнеркәсіптік тоңазытқыш және желдеткіш жабдығы өндірісі
Ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі
28.30 Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі
Теміржол техникасының өндірісі
30.20 Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрам өндірісі
Кен өндіру өнеркәсібіне арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі
28.91 Металлургияға арналған машиналар мен құралдар өндірісі
28.92 Тау-кен өнеркәсібі, жерастын игеру және құрылыс үшін техника өндірісі
28.99 «28.99.1 Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі» мен «28.99.2 Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісін» қоспағанда, басқа топтарға қосылмаған арнайы мақсаттағы өзге де машиналар мен құралдар өндірісі
Мұнай өңдеуші және мұнай өндіруші өнеркәсіпке арналған машиналар мен жабдықтар өндірісі
28.12 Гидравликалық жабдық өндірісі
28.13 Өзге сорғылар, компрессорлар, тығындар мен клапандар өндірісі
28.14 Өзге крандар мен бұрандамалар өндірісі
28.29 Басқа топтарға енгізілмеген, жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтар өндірісі
28.99.1 Мұнай кәсіпшілігі және геологиялық-барлау бұрғылау жабдығы өндірісі
28.99.2 Мұнай-газ өңдеуші құралдар өндірісі
Құрылыс материалдарының өндірісі
16.21 Кілтек, шере, тақталар мен панельдер өндірісі
22.21 Пластмасса табақтар, шинаға арналған камералар және пішіндер өндірісі
22.23 Пластикалық құрылыс бұйымдарының өндірісі
23.11 Табақ шыны өндірісі
23.12 Табақ шыны жасау мен өңдеу
23.13 Іші қуыс шыны бұйымдарының өндірісі
23.14 Шыны талшық өндірісі
23.19 Өзге де шыны бұйымдарын өндіру мен өңдеу
23.20 Отқа төзімді бұйымдар өндірісі
23.31 Керамикалық жабындар мен плиталар өндірісі
23.32 Кірпіш, жабынқыш және күйдірілген саздан жасалған өзге де құрылыс заттарының өндірісі
23.42 Керамикалық гигиеналық сантехникалық жабдық өндірісі
23.43 Керамикалық электроқшаулағыштар мен оқшаулау арматурасының өндірісі
23.49 Өзге керамикалық бұйымдар өндірісі
23.51 Клинкерлерді қоса алғанда, цемент өндірісі
23.52 Әк пен құрылыс гипсінің өндірісі
23.61 Бетоннан құрылыс бұйымдарын өндіру
23.62 Құрылыс мақсаттары үшін гипстен жасалған бұйымдар өндірісі
23.63 Пайдалануға дайын бетон өндірісі
23.64 Құрғақ бетон қоспаларын өндіру
23.65 Асбест-цементтен және талшықты цементтен жасалған бұйымдар өндіру
23.69 Бетоннан, құрылыс гипсі мен цементтен жасалған өзге де бұйымдарды өндіру
23.70 Тасты кесу, өңдеу және әрлеу
23.99 Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де металл емес минералды өнім өндіру

_________________________


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша


Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі


1. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысы.
2. «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 168 қаулысының 2-тармағы.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы
31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Облыстық бюджеттерге моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит берудің 2015 жылға арналған негізгі шарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 848 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың
1-тармағы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 және «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы
№ 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы
31 наурыздағы № 168 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 1001 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

________________________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген


«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары


Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.


1. Жалпы ережелер

1. Кәсіпкерлердің екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады.
2. Субсидиялау кәсіпкерлер кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.
3. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражатының есебінен ақы төлейді.
4. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өзара жасалған субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде жергілікті бюджетке бағытталған нысаналы трансферт қаражаты есебінен қаржы агенттігіне аударады. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберіндегі субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
5. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады.


2. Терминдер мен анықтамалар

6. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
2) Даму банкі – «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және/немесе оның үлестес лизингтік компаниясы;
3) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның уәкілетті банкі, ол қаржы агенттігімен келісілуге тиіс және лизингтік компанияның жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға тиіс;
4) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;
5) ИИДМБ – Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы
1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама;
6) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;
7) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;
8) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады;
9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);
10) лизингтік компания – Бағдарламаға қатысатын лизингтік компания;
11) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;
12) Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісі – қалада немесе аудандық деңгейде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс әкімі айқындайтын қаланың/ауданның құрылымдық бөлімшесі;
13) ЭҚЖЖ (бұдан әрі – Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторлары) – Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономиканың басым секторлары;
14) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер;
15) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-әрекет пен
іс-шаралар жиынтығы. Бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредит/лизингтік мәміле алуға болады;
16) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) деңгейінде Бағдарламаны іске асыруға жауапты, облыс (астана, республикалық маңызы бар қала) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
17) Өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, жалпы санының кемінде 50 %-ына бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
18) субсидиялау – кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде төлейтін шығыстарын болашақта Кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды орындауға айырбас ретінде ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны;
19) субсидиялар – қаржы агенттігі субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде банкке/лизингтік компанияға төлейтін мерзімді төлемдер;
20) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
21) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы.


3. «Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер
кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау» бірінші бағытының
шеңберінде субсидиялар беру шарттары


7. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалалар мен моноқалаларда өздерінің жобаларын және тиімді жобаларды іске асырып жатқан және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер Бағдарламаның бірінші бағытына салалық шектеусіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алмай қатыса алады.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде қатысуға жобаның іске асырылу орнына қарамастан және шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің тіркеу орнын есепке алмай салалық шектеулерсіз айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен кредиттер алған (алатын) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де жіберіледі.
8. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
9. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
10. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сонымен қатар өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістердің өсуін, жұмыс орындарының орташа жылдық санының ұлғаюын және ӨҮК шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) жылдан кейін бюджетке төленетін салықтар көлемінің 10 %-ға өсуін көздейтін жобалар тиімді инвестициялық, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша, соның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған, БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сонымен қатар ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жоба іске асырылғаннан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық сананың ұлғаюы, кірістің өсуі, бюджетке төленетін салықтардың көлемінің тиісті көрсеткіштерден 10 % өсуі талап етілмейді.
11. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
12. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама
өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
13. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылған кезде субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
14. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
15. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған
60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
16. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысуының шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
17. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
18. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
19. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 750,0 млн. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі қарыз ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.
20. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен
3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат болған жағдайда ғана банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК-тің қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда,
қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/Даму банкінің лизингтік компанияның/ кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
21. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
22. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
23. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар (Даму банкі) субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
24. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
25. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
26. ӨҮК қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, онда банк/Даму банкі/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылында бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.
27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг.


4. «Экономиканың басым секторларындағы және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді
салалық қолдау» екінші бағытының шеңберінде
субсидиялар беру шарттары

28. Мынадай:
1) Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобаларды;
2) ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайын тиімді кәсіпкерлер Бағдарламаның екінші бағытына қатыса алады.
29. Мыналар:
1) Даму банкін қоспағанда, мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ банктердің/Даму банкінің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі Бағдарлама шеңберінде арзандатылған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған кредиттер/лизингтік мәмілелер;
2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
3) қонақүйлер немесе қонақүй кешендерін сатып алуға берілген;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары субсидиялауға жатпайды.
30. Кәсіпкерге Бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
31. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тиімді инвестициялық жаңа жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.
Мына:
Бағдарламаның жергілікті үйлестірушісіне (Астана және Алматы қалаларында – Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне) кәсіпкер өтініш бергенге дейін алдыңғы 3 (үш) жылда кірістердің өсуіне және бюджетке төленетін салықтар көлемінің 20 %-ға өсуіне қол жеткізген орта немесе ірі кәсіпкерлік субъектілерінің;
ӨҮК шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржылық жылдан кейін міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректердің негізінде кірістерді өсіруді, жұмыс орындарының орташа жылдық санын арттыруды және бюджетке төленетін салықтар көлемін 10 %-ға өсіруді көздейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобалар деп түсініледі.
Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында және ИИДМБ-да анықталған өңдеуші өнеркәсіп салаларында салалық шектеулерсіз іске асырылатын жобалардың аясында ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға және (немесе) айналым қаражатын толықтыруға БЖЗҚ қаражаты есебінен банктер берген (беретін) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері де субсидиялауға жатады.
Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған БЖЗҚ қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген лимиттер шеңберінде де жүзеге асырылады. Айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қаржыландыруға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.
32. Жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 12 ай ішінде банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары да жаңа кредиттерге/қаржылық лизинг шарттарына жатады.
33. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба ӨҮК-ге шығарылғанға дейін 4 жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/Даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.
34. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын, сондай-ақ айналым қаражатын қаржыландыру:
1) негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын кредит;
2) БЖЗҚ қаражаты шеңберінде жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
35. Қайта бастау негізінде берілген айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша субсидиялауға жол беріледі. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары ӨҮК шешімінде көрсетілуі тиіс.
36. 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған
60 млн. теңгеге дейінгі кредиттерге кепілдік берген кезде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға рұқсат етіледі.
37. 180 млн. теңгеден жоғары кредиттер бойынша кәсіпкер жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде жобаны іске асыруға өзінің құралдарының (ақша қаражатының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің), оның ішінде қамтамасыз етуге ұсынылған үшінші тұлғалардың мүлкімен қатысуын қамтамасыз етуге тиіс. Жобаға кәсіпкердің өзінің құралдарымен (ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлкімен) қатысу шарттары ӨҮК шешімінде көрсетіледі.
38. Кредит бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуге жобаны іске асыруға тікелей қатыспайтын жылжымалы/жылжымайтын мүлік ұсынылған жағдайда, аталған мүлік жобаға өзінің қатысуы ретінде қаралмайды.
39. Бұл ретте сомасы 180 млн. теңгеден аспайтын кредиттер бойынша жобаны іске асыруға өзінің қатысуы талап етілмейді.
40. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 4,5 млрд. теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.
Бағдарламада белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/толығымен мерзімінен бұрын өтелген жағдайда кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.
41. Кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша субсидиялау мерзімі ӨҮК шешімі бойынша 6 (алты) жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен
3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.
3 (үш) жыл өткеннен кейін субсидиялау шартының қолданылу мерзімін ұзарту ӨҮК-тің мақұлдаған кезде республикалық бюджеттен субсидиялау үшін қаражат бар болған жағдайда ғана банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның өтінішхаты негізінде жүзеге асырылады.
ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту/ұзартпау туралы шешімі субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 45 күн бұрын қабылдануға тиіс. Бұл ретте ӨҮК қолданыстағы субсидиялау шартын ұзарту туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, қаржы агенттігі қолданыстағы субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін банктің/Даму банкінің/лизингтік компанияның/кәсіпкердің субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюын қамтамасыз етеді.
42. Кредитті Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат есебінен субсидиялау кезінде кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 18 (он сегіз) айдан аспайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
43. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор – банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.
44. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша ӨҮК-те мақұлданған жобаларын басқа банктер/лизингтік компаниялар/Даму банкі субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландыруы мүмкін.
45. Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
46. ИИДМБ-де айқындалған өңдеуші өнеркәсіптің басым салаларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 19 %-дан аспайтын, оның 10 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады.
47. Даму банкінің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі
13 %-дан аспайтын, оның 5 %-ын мемлекет өтейтін, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
48. Бағдарлама шеңберінде банк/Даму банкі/лизингтік компания:
1) кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты;
2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;
3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерін, банктердің көрсетілетін қызметтерін және т.б. өтеу) комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға байланысты қандай да бір комиссияларды,

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 352.54
Евро 415.15
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 12°C облачно
  • Дымқылдылық: 56%
  • Қысым: 718
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»