Бизнестің жол картасы 2020

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
  2. «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
    10 маусымдағы № 556 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы»;  
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы
Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;
2) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары;
3) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және өзге де мемлекеттік қолдау шараларының қағидалары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» екінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының «Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау» бірінші бағыты шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Жергілікті атқарушы органдар ай сайын, есепті айдан кейінгі
айдың 15-күніне қарай Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бөлінетін қаражаттың пайдаланылуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К. Мәсімов

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 324.27
Евро 398.27
Рубль 5.73
В Нуринске сейчас: -23°C ашық
  • Дымқылдылық: 69%
  • Қысым: 728
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»