Нұра ауданының әкімі Н.И.Омархановтың мәслихат депутаттары алдындағы есебі

Құрметті депутаттар және жиынға қатысушылар!

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтарындағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес сіздердің алдарыңызда есеп беруге келдім.
Ауданның 2017 жылғы 9 айындағы әлеуметтік – экономикалық даму динамикасы жаман емес.
Өнеркәсіп өндірісінің өнім көлемі 47,4 млрд. теңге күтілуде, немесе 2016 жылдың деңгейіне 143,3%. Нақты көлем индексі -110%. Дамуы жақсы!
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 16 145,9 млн. теңгені, немесе экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жоспарға 100%-ды құрайды. Нақты көлем индексі - 100%. Былтырғы көрсеткіштен түспеуге көп жұмыс жасланыу керек, биыл мал шаруашылылығының өнімдерімен шығу қажет. Егін төмен. (Слайд)
Анықтама:
- дәнді-дақылдардың жалпы жиналымы – 208,7 мың тонна, немесе 2016 жылға – 80,3%
(2016 жылы – 259,9 мың тонна), 231,9 га. егіс алқабы бойынша өнімділігі - 9 цн/га.
Картоптың жалпы жиналымы – 21 мың тонна, немесе 2016 жылға – 137% (2016 жылы – 15,3 мың тонна),
873,8 га. егіс алқабы бойынша өнімділігі – 240 цн/га; көкөністердің жалпы жиналымы – 8,8 мың тонна, немесе 2016 жылға 122,2% (2016 жылы – 7,2 мың тонна), 250 га. егіс алқабы бойынша өнімділігі – 350 цн/га.
Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі:- ет – 6,9 мың тонна, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 101,4%;- сүт – 33,9 мың тонна, немесе 104%; - жұмыртқа – 6,1 млн.бірлік, немесе 105%.

Негізгі капиталға салынған инвестиция
2017 жылдың 9 айы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,5 млрд.теңгені құрайды. Нақты көлем индексі – 169%. Оның ішінде өнеркәсіп- 5 млрд, ауыл шаруашылығы- 2,6 млрд, құрылыс- 0,3 млрд., ШОБ- 71 млн., басқалары -1,5 млрд. тенге. Бұл негізінен өндіріс, және ауыл шаруашылығы саласынан.

Жыл басынан көктемдегі су тасқыны бойынша.
Алдын алу жұмыстары: Қантай, Кертінді, Тассуат, Мыңбаев,Заречное, Майоровка, Ахметауылында су тасқынына қарсы жер үйінділері. Аудан орталығының өңтүстік жағында Үлкен Құндызды жағасында ұзындығы 370 метр «Габион» жасанды құрылым орнатылды. Осындай жасанды құрылым Тассуат, Майоровка ауылдарында орнату 20 қазанда басталады.

Мал ауруы: маусым айының басынан пастереллез- Мыңбаев, Тассуат,Кертінді, Заречное, Жараспай, Киевка.
Уақытша шектеу шаралары, шұғыл мал ауруының жан - жаққа тарамауын тоқтату.
Мал басының орынын толтыруға аудан ірі шаруашылық басшылары Г.Прокоп, Ы.Таттыбаев, С.Нығметов, С.Қоңырбаев, А.Литвиненко айтарлықтай көмек көрсетті. Сонымен қатар, «Брокер» И.Шмыкова, ПКФ «Медео»-Д.Коваленко, «АПК Волынский» В.Матвеевтердің де үлесі бар. Аудан әкімдігінің Қаулысымен 4 қырқүйектен бастап шектеу іс – шаралары алынды. Әр ауылға өлексе өртейтін қондырғы алу керек.


Құрылыс жұмысының көлемдері – 4,4 млрд.теңге, нақты көлем индексі- 80%. Жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарының көлемін 6,8 млрд тенгеге дейін, немесе жоспарға 100,5% орындауды күтудеміз.
Аудан орталығында екі 24 пәтерлі үйлерге 236 млн. тенге бөлініп, құрылысты жалғастыру басталды. 20 екі пәтерлі үйлер құрылысына құжаттары кортынды алу эксперизасында.

«Нұрлы жол» бағдарламасы- 125 қызметтік үйлер құрылысы. Барлық қаржылар шешілген, 2015 жылғы 35 млн. қарызыда шешілді. Енді осы жұмысты Қ.Ақмағанбетов ширату керек.
Орталықтырылған сумен ауданның 90,5% тұрғындары қамтылған. Аудан орталығы және Көбетей ауылының су құбырлары реконструкциясына 16 млн. тенгеге сметалық құжат дайындалды. Су құбырларының ағымды жөндеуіне облыстық бюджеттен 17,5 млн. теңге бөлінді. Талдысай, Нығыман ауылдарына су тұшытқылары орнатылды. Осындай су тұшытқыларын Жараспай, Изенді ауылдарында орнату жоспарда бар. Облыстық Энергетика және тұрғын үй басқармасына Щербаковск ауылындағы су құбырының ағымдағы жөндеуіне (8 км) және Балықтыкөл ауылына су мұнарасын орнату үшін жалпы 46, 6 млн. тенгеге бюджеттік өтінімдер жіберілді. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ауданның 33 автомобиль жолдарының учаскелерінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 1, 6 млрд.тенгеге бюджеттік өтінім берілді.
Киевка кентінің Резник көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары 44,9 млн. теңгеге жүргізілді және «Балықтыколь ауылына кіреберіс» автомобиль жолына 40 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Кенжарық көпірін қалпына келтіру үшін 470 млн. теңге бөлінді. 2017 жылы облыстық бюджеттен 11,1 млн теңге сомасында қаражат бөлінді.
Алдағы от жағу кезеңіне барлық бюджеттік мекемелер бойынша 96,5 млн. теңгеге 11,14 мың тонна (жоспарланған көмірдің 100%) көмір сатып алынды.
Білім беру саласының материалдық – техникалық базасын нығайтуға, сапалы білім беруге барлық жағдай жасалып жатыр. Осы сала бойынша бөлім басшысының толық сұхбаты аудан газетінде жарияланған.
Денсаулық сақтау
Жыл басынан бала туу коэффициенті 13,5%-ға азайды (1000 адамға шаққанда 16,07-ден 13,9-ға дейін), өлім-жітімнің коэффициенті 17,2%-ға арты (1000 адамға шаққанда 8,72-ден 10,22-ға дейін).
Нәресте өлімінің 1 жағдайы тіркелді (2016 жылдың 8 айында - 1 жағдай). Жыл басынан туберкулезбен ауруы 14 жағдайды құрады, немесе өткен жылдың деңгейіне 87,5% (2016 жылдың 8 айында - 16 жағдай).
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында аудандық бюджеттен 14 ауылды жарықтандыруға 14,4 млн тенге бөлінді.
Аудан орталығына осы мақсатта 63,2 тенге:- барлығы 22 км.
-Резник көшесіндегі саябақты абаттандыруға -13,5 млн. тенге. Демеушілік арқылы интернационалист – жауынгерлерге арналған ескерткіш орнатылды.
-С.Талжанов көшесіндегі «Білім аллеясына» -19,3 млн тенге.
-Ақпасов көшесіндегі екі спорт алаңын орнатуға-12,8 млн тенге, «Нұрлы жер Нұра» композициясына – 1,9 млн тенге.
-«Мәңгілік Ел» композициясына-6,2 млн. тенге, көше жарықтандыруға -2,1 млн. тенге және көше арналарын орнатуға -8,5 млн тенге. Балалар ойын алаңдары- Ақпасов, Қонаев көшелерінде орнатылып жатыр.

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін 17 921,6 мың теңге бөлініп, сахналық киім, толық игеріліді. Құланөтпес,Баршын,Байтуған,Қарой,Тассуат,Майровка,К.Мыңбаев ауылдарының мәдениет үйлері мен клубтарына 2 095 мың теңгеге әуенді аппаратура, Байтуған, Майоровка, Ахмет, К.Мыңбаев ауылдарының мәдениет үйлеріне 2748,0 мың теңгеге сахналық киім алынды. Киевка кентінің Мәдениет үйіне 569,0 мың теңгеге сахналық киім, 4 млн.теңгеге –костюмдер, 1 млн. теңгеге «Лэд экран», К.Мыңбаев ауылының мәдениет үйіне 626,2 мың теңгеге 2 аспашам,100 орындық. Пржевальское, Майоровка, Ткенекті ауылдарының клубтарына, Киевка кентінің Мәдениет үйіне дизель генераторлары, Киевка кентінің Мәдениет үйіне бейне бақылау камерасы қойылды. Аудан кітапханаларының материалдық-техникалық базаларын нығайту үшін автокөлік «Газель» (5, 5 млн.теңгеге) орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне, 4 моноблок, Теңіз өңірінің 6 кітапханасына принтерлер мен компьютерлер сатып алынды.
Алдағы уақытта К.Мыңбаев ауылының Мәдениет үйінінің шатырына ағымдағы жөндеу жүргізуі өткізу (4 932 мың теңге), Заречное ауылының мәдениет үйіне 100 орындық, Ткенекті ауылының мәдениет үйіне әуенді аппаратура, Жараспай, Карой, Киевка ауылдарының кітапханаларына компьютерлер, Заречное, К.Мыңбаев, Тассуат ауылдарының кітапханаларына модем, Ткенекті, Құланөтпес (Дон), Балықтыкөл ауылдарының кітапханаларына телефон аппараттарын, орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 2800,0 мың теңгеге кітаптар алу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 28 ақпан тапсырмасына сәйкес Ономастикалық атауларды ретке келтіру және тарихи атауларды жаңғырту мақсатында 2017 жылғы 4 шілде айында Қарағанды облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының отырысында қаралып аудан бойынша 11 ауылдар мен 1 кенттің (Алғабас, Ахмет, Байтуған, Қарақасқа, Құланутпес, Пржевальское, Талдысай, Щербаковское, Құланөтпес, Ақтүбек, Нығман ауылдары мен Киевка кенті) жалпы 59 көше атаулары және Киевка кентін қайта атау бойынша оң қорытынды қабылдады. (Киевка- «Нұра»)
Демеушілік көздері арқылы П.Резник көшесіндегі саябақта Ауған ардагерлеріне арналған ескерткіш қойылды.
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Ә.Жақсыбековтың 11.07.2017 жылғы №17-388-9 тапсырмасын басшылыққа ала отырып елді мекендерде моральдық тұрғыдан ескірген атауларды ретке келтіру жұмыстары жалғасуда.
8 тамыз күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығына сәйкес, 16 ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.
Аудан мәслихатының депутаттары ұсынған үміткерлерді бірауыздан қолдады. 9-10 тамыз күндері аталған ауылдарда менің Өкімімен әкімдер тағайындалып, оларды аудан көлемінде оқыту да ұйымдастырылды.

Кримимногендік жағдай
Тіркелген қылмыстар саны - 201 жағдай, немесе өткен жылдың деңгейіне 84,1%. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың – 17 жағдайды құрады, немесе былтырғы жылдың деңгейінен 89%-ға жоғары (2016 жылы – 9 жағдай)
Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашу деңгейі – 73,3%-ды құрады. Жергілікті полиция қызметінің алдында көп жұмыс тұр. Өкінішке орай ЖПҚ –ң бастығы бір жыл бойы сырқат.
Ендігі жылы Баршын ауылындағы бос тұрған полиция ғимаратын жөндеуге облыстық бюджеттен 70 млн. тенге қарастырылды. Сонымен қатар сол өңірдің біраз ауылдарын қамтитын «Билайн» ұялы байланысы жақында іске қосылады.

Есепті кезеңде кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалды. Шағын және орта бизнестің тіркелген субъектілерінің саны 1410 , оның ішінде жұмыс істеп тұрғандардың саны – 1284. Маусым айымен салыстырғанда істеп тұрған субъектілердің саны 1,8% (14бірлік) өсті. Заңды тұлғалардың саны -5,жеке кәсіпкерлер-1,шаруа қожалығы -8. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны – 3652 адамды құрайды, 2016 жылға қарағанда 101,7%. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 8,9% (5,5 млрд. теңге) артқан.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік грант беру» үшінші бағыты бойынша, аудан кәсіпкерлері өтініш бойынша облыстық комиссияның қарауына 3 жоба тапсылырды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 456 млн. несие.

Құрметті депутаттар !
Жалпы есепті кезеңде атқарар жұмыс және проблемалар аз болған жоқ. Өздеріңізге белгілі, жыл басынан ауыр болып өтуде. Су тасқыны, одан кейін мал ауруы, көп кешікпей құрғақшылық пен дала өрттері біздің мықтылығымызға, бірлігімізге сын болғандай. Осы уақытта мен депутаттардан, ел ағаларынан және аудан азаматтарынан қолдау көрдім.
Есепті кезеңде ғана емес, бір жарым жыл ішінде мен Нұрлы Нұра азаматтарының адамгершілігін, рухани байлығын, жомарттылығын байқап келемін.Сонымен бірге, ірі және орта шаруа басшылары табыс көзін қай уақытта болсын ауыл тұрғындарының игілігіне жаратып, бәрімізге ортақ мәселелерді шешуге қол үшін беріп, қолдап жатыр. Осыған барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін!
Құрметті депутаттар, алдағы уақытта да өз ауылдарыңызда қандай проблемалар боса жеткізіп, айтып отырыңыздар.
Бәріміз бірге алға қойған мақсаттарға абыроймен жете беретінімізге сенемін!

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 386.70
Евро 427.15
Рубль 6.06
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 29%
  • Қысым: 716
  • Жел: 8 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»