Құрметті аудан мәслихатының депутаттары және сессияға қатысушылар!

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтарындағы «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» №19 Жарлығына сәйкес сіздердің алдарыңызда 2016 жылдың өткен 8 айының қорытындысы бойынша есебімді ұсынамын.
Нұра ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы біздің іс-қимылымыз Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауының міндеттемелеріне, сонымен қатар мемлекеттік, салалық бағдарламаларға сәйкес құрылып іске асырылуда.
Ауданның 8 ай бойынша әлеуметтік – экономикалық дамуы жалпы оң динамикамен сипатталады.
Өнеркәсіп.
Өнеркәсіп өнімдері 27,2 млрд. тенге. Нақты физикалық көлем -93,3 %. Былтырғы жылмен салыстырғанда көмір өндіру 10%, ал марганец концентраты 18,8% және марганец кенін өндіру 10,2% төмендегені байқалады.
Көмір өндірісі төмендеуі Ақсу ферросплав зауытының қажеттілігі және тұтынушылар сұранысының азайуына байланысты.

Негізгі капиталға инвестициялар 4,9 млрд.теңгеге, немесе 2015 жылдың деңгейіне қарағанда 29,8% салынды. Инвестициялар көлемінің орындалмауының негізгі себебі өңіріміздің негізгі кәсіпорындары «Шұбаркөл көмір» АҚ мен «Қазмарганец» КБ (2015 жылдағы құрылыс-монтаж жұмыстары, машиналарды және жабдықтарды сатып алу) «Қазақ темір жолы» АҚ филиалымен ағымдағы жылы шығындарды үнемдеуіне байланысты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі – 5,0 млрд. теңгені құрады. НКИ (Нақты көлем индексі) – 83,5%. НКИ төмендеуінің себебі «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің азаюынан болды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жалпы 336,6 млн.теңге құраған Көбетей, Ақмешіт және Майоровка ауылдарында 3 дәрігерлік емхананың құрылысы аяқталған. Ағымдағы жылы аяқтауға 225,4 млн.теңге бөлінген.
5600 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе өткен жылға қарағанда 107,2% құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 8,6 млрд.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 103,5%.
Өсімдік шаруашылығында егіс көлемі 220 мың га, өткен жылға қарағанда 8,4 мың га өскен. Ылғал ресурстарын үнемдеу технологияларын пайдалану аумағы – 185,0 мың.га (жалпы егістік жерінің 84%) құрады.
Көктемдік дала жұмыстары мен егін жинау жұмыстарына «Продкорпорация» АҚ арқылы жалпы сомасы 57,3 млн. теңгеге несиелер алынған. Облыстық бюджеттен – 370,8 млн.теңге субсидиялар алынды.
2016 жылдың 1 қазанына дейін 214 мың. га жиналған, өнімділігі – әр гектардан 14,2 центнерден айналды. Дайындалған мал азығы – 144,1 мың.тонна. 2015 жылға қарағанда 12,9% өскен.

Мал шаруашылығы саласында барлық өнім түрлерінен өсім байқалады.
6,0 мың.тонна ет немесе 2015 жылға қарағанда 100,3%, сүт – 29,8 мың. тонна немесе 108,3%, жұмыртқа – 5,5 мың немесе 98,1% өндірілген.
Мал басында өсім бар.
Анықтама: Ірі қара мал -38,8 мың бас, 2015 жылдың сәйкес кезеңіне 100,6%, оның ішінде сиырлар -20,4 мың бас, немесе 104,9%. Қой мен ешкі 80,3 мың бас, немесе 96,6%.
Жылқы - 27,0 мың. бас, немесе 105,9%;
Шошқа- 5,1 мың бас, немесе 85,4 %;
Құс-56 мың, немесе 85,4%; - слайд

Жылдың басынан «Сыбаға» бағдарламасымен 70 бас сиыр сатып алынды. Тағы да, 3 шаруа қожалығы («Лабазанов А.А.», «Бахтияр», «Думан») 32,5 млн.теңгеге 130 бас ІҚМ сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде. (бағдарлама 98% орындалған)
ІҚМ-дың генетикалық әлеуетін және өнімділікті арттыру мақсатында қазақтың ақ бас сиыры мен Әулиекөл тұқымынан 282 бас ІҚМ сатып алынды. ( индикативтік көрсеткіш 3,9% белгіленген болса ІҚМ тұқымды үлес салмағы 2,2%).

«Құлан» бағдарламасы бойынша 30,5 млн.теңгеге 110 жылқы басы («Тәнібеков» ШҚ, «Жұмажанов» ШҚ, «ТАК» ШҚ) сатып алынған.
(40 бас әлі де алынбаған)

«Алтын асық» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 5,5 млн.теңгеге Қарой а. «Арман» ФШ-нан 210 бас қойды сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. (селекциялық- тұқымдық жұмыс бойынша аналық қой басын тұқымдық түрлендіру көрсеткіші облыстық көрсеткіштен 9% төмен, ниеттелген 210 бас қой сатып алудан бір де бас алынған жоқ.)
Мал шаруашылығын қолдауға облыстық бюджеттен 152,2 млн.теңге көлемінде субсидиялар алынған.
Мал тұқымын асылдандыру мақсатында қолдан ұрықтандыруға басым көңіл бөлу керек. Биыл бұл жұмыстар басталды. Бүгінгі күні 1063 бас ІҚМ қолдан ұрықтандырылды, алдағы уақытта 518 бас малды қолдан ұрықтандыру жұмыстары аяқталады.

Мал дәрігерлік қауіпсіздікке үлкен көңіл бөлінген, осының арқасында аудандағы эпизоотиялық жағдай тұрақты болып тұр. Мал дәрігерлік-профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес өтуде. Нұра ауданы аумағындағы тоғыз ауылда сібір жарасы бойынша 13 анықталған қолайсыз пункт бар, оларда арнайы институттармен топографогеодезиялық жұмыстар жүргізіліп, сібір жарасы бар екі көмінділер орны анықталған. Көмінділерді қоршау үшін облыстық мал дәрігерлігі басқармасына 6 млн.теңге көлемінде өтінім берілген. 11 анықталған қолайсыз ошақтарда ескерту белгілері орнатылып, периметр бойынша жер жыртылды.
9 мал қорымы және 1 инсинератор бар, оның екеуі үлгілік (Киевка кенті, Изенді ауылы) және 7 қарапайым мал қорымы. 11,3 млн.теңге көлемінде 23 жылжымалы инсинератор сатып алуға Мал дәрігерлігі басқармасына өтінім берілген.

Жер мәселелері. Жылдың басынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы айналымға тартылған және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін берілген жер учаскелерінің аумағы – 4223,5 га. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтайтын жұмыс топтары құрылған. Жалпы аумағы 2197 га болған жер учаскелері қолданыстан алынған.
ҚР жер заңдарына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жер мәселесі туралы жаңа Заң қабылданғанша аудан әкімінің қаулысымен жер беру уақытша тоқтатылды. 181 мың га пайдаланбайтын жерлер есепке қойылды.Мемлекеттік қорға қайтарылып жатыр. Бұл жұмыс Елбасының тапсырмасы, орындауымыз керек

Есепті кезеңде кәсіпкерлік белсенділіктің өсуі байқалды.
2016 жылғы қантар- тамыз айында тіркелген ШОБ субъектілерінің саны -1425 бірлік, немесе былтырғы жылға қарағанда 100,5%. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны – 3545 адам, немесе 2015 жылға қарағанда 100,1%. Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 2,6%- ға (5,0 млрд. теңге) артқан.
«Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бірінші бағыты бойынша, "Қайнар" ЖШС – де 90,4 млн. теңгеге " Егін жинау және ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылық техникасы лизингін толықтыру" жобасы жүзеге асырылды. Аудан кәсіпкерлерімен 4 жоба бойынша гранттық несиеге өтініш берілген, олар комиссия қарауында.
2016 жылғы 8 айлық көрсеткіш бойынша бөлшек сауда көлемі - 800 млн. теңгені, НКИ – 94,6% құрады, бұл халықтың тұтынушылық қабілеті азайғандығын көрсетеді. 2016 жылдың тамыз айында статистикалық деректерді 2015 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 17 әлеуметтік маңызы бар өнімнің бағасы көтерілген.
Анықтама: 1 сорт үн-19,8 %, қарақұмық жармасы-79,2%, сұлы жармасы- 25,8%, 1 сорт нан -35,7%, макарон өнімдері- 7,4%, сиыр еті- 14,6%, (сатып алу бағасы өскен), сүт-2,5%/3,2%- 4,3%/7,3%, ірімшіктер -2,6%, сары май-9,8%, сұйық май -3,7%, қырыққабат -5,3%, пияз-25, сәбіз -21,6%, картоп-35,8%,қант -33,5%,тұз -23,1%, қара шәй- 17,4%
Ұн бағасы тағы да қымбаттамай тұрғанда, қыс айларына жеткілікті үнмен қамтамасыз етуді шешу туралы ауыл әкімдеріне тапсырма берілген.
Қаржылық көрсеткіштер. Аудандық бюджетке салық және де басқа міндетті төлемдер түсуі 629,0 млн.теңге - 108% (жоспар - 582,4 млн.теңге) Бюджеттің шығыс бөлігі 99,2% -ға орындалып 2 млрд. 379,3 млн.теңге болды. (жоспар- 2 млрд. 398,6 млн.теңге). Жалпы бюджеттік кіріс жағының ұлғайып келе жатқаны қуантады. 2017 жылдың бюджетін алдын ала қарауды бастадық, жалпы жобасы жақсы болады деген үміт бар.

Орталықтандырылған сумен аудан халқының 90,5% қамтылған. Су құбырлары жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге аудан қаражатынан 19,5 млн. теңге және «ЖҚЖК -2020» бағдарламасы шеңберінде Ұлттық қор қаражатынан облыстық бюджеттен ортақ қаржыландырудан 44,0 млн. теңге бөлінді. 21 ауылдың су жүйесі ағымды жөндеуден өткізілуде, сапалы орындалуын ел болып қадағалау керек.

Жолдар. Республикалық және облыстық бюджеттен Қарағанды-Шахтинск-Есенгелді-Киевка көлік жолдарында 1 млрд. теңгеге қайта жөндеу, орташа және ағымды жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Ал республикалық деңгейдегі жолды жөндеуге 358 млн. тенге бөлінді.
Жергілікті жолдарды қалпына келтіруге аудандық бюджеттен - 25,4 млн. теңге бөлінді. Құланөтпес өзені арқылы өтетін көпірді қайта салу жобасына 900 мың теңгеге сараптама жасалды. Жұмыстарды бастауға 10 млн. тенге бөлінді. 2017 жылы республика жоспарына еңгізілетін болады.

Жылыту маусымына барлық бюджеттік мекемелер бойынша 91,3 млн. теңгеге 11,1 мың тонна (жоспарланған көмірдің 100%) көмір сатып алынды. Жылу науқаны аудан бойынша бір қалыпты басталды, аудан әкімінің өкімі шықты.

Аудандық бюджеттен "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында абаттандыруға, көшелерді жарықпен қамтуға, қатты тұрмыстық қалдықтарды абаттандыруға және ауылдық округтердің балалар ойын алаңдарына қосымша құрылғылар орнату үшін 22,6 млн. теңге бөлінді. Тиімділігін жыл қорытындысымен бағалаймыз!

Киевка кентін абаттандыруға 28,0 млн.теңге, оның ішінде әкімдік алдындағы алаңды абаттандыруға - 7,0 млн.тенге, Киевка к. орамды жолының жиектерін орнатуға – 1,4 млн.теңге, Мыңбаев көшесінің қоршауларына– 9,4 млн.теңге және Резник көшесінде парк жасаудың 1 кезеңіне -10,2 млн.теңге жұмсалды.

Қарағанды облысының әкімдігі мен ENRG S.a.r.l. меморандумына сәйкес Шұбаркөл кентінің қазандығын қамтамасыз етуге 18,6 млн.теңге бөлінді.

Ауданның коммуналды меншігіне Талдысай а. клубы, Майоровка а. ФАП және Донской ауылдық округінің Оразалы бөлімшесінің Сібір жарасымен ауырған малдарды көму аумағы алынды.

Сонымен қатар, аудан бойынша құжаттары жоқ үйлер көп. Осы бағытта ауыл әкімдеріне тапсырма берілді, тегіс құжаттандырылады.

Әлеуметтік қорғау
Жыл бойы жұмыспен қамту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстары жүргізілді.
Қолданған шаралар нәтижесінде кедейшілік деңгейі – 0,2%-ды құрады.

Анықтама: Жыл басынан 593 адам жұмысқа орналастырылды, немесе былтырғы жылмен салыстырғанда 94,4%. 2016 жылдың 01.09. –да жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер саны 151 адам, немесе 2015 жылға қарағанда 70,6 %
Қоғамдық жұмысқа 90 адам жіберілді, былтырғы жылмен салыстырғанда 224 адамға азайды. 2016 жылы «ЖҚЖК -2020» бағдарламасын іске асыруға жоспарланған қаржы көлемі 826,269 млн. тенге, 2015 жылы -242,6 млн. тенге, немесе жобалар мен қаржыландыру көлемі 2016 жылдың 3 тоқсанында 3,5 есе өсті.

"Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын" үш бағытта жүзеге асыруға 559,2 млн. теңге жұмсалды.
Бағдарламаның "Инфрақұрылымдар мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтарды дамыту есебінен жұмыспен қамту" бірінші бағыты аясында жалпы сомасы 377,1 млн.теңге болатын 11 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. 109 адам жұмыспен қамтылған.

Анықтама:
- Тассуат а. Индустриальный ОМ, Кертінді а. М.Сүлейменов ат. ОМ, Майоровка ауылдық клубы және Кертінді Мәдениет Үйі ғимараттарының, "Нұра ауданының мемлекеттік мұрағаты" КММ ғимаратының және Нұра ауданының св құбырлары жүйесінің ағымдық жөндеу жұмысы;
- Мыңбаев ат. а. санитарлық-дәрігерлік амбулаториясының, Тассуат а. ФАП күрделі жөндеу жұмысы.

ҚР Үкіметінің арнаулы қоры есебінен 40 инфрақұрылымдық нысандарға қосымша тағы 302,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:
16 мектеп, балабақшаларын ағымды жөндеуіне 122,1 млн.теңге;
- мәдениет саласында клубтарды жөндеуге, спорт алаңдарын салуға - 11 нысанға 89,4 млн.теңге;
- тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласына – авто көлік жолдары мен кенттің ішкі жолдарын ағымдағы жөндеуге - 74,2 млн.теңгеге 10 нысан;
- спорт саласына – Киевка к. 3 спорттық алаңдарды 16,5 млн.теңгеге орнату.
Қазіргі кезде конкурстық процедуралары аяқталуда.
Үстіміздегі жылдың тамыз айында барлық 42 нысан бойынша конкурс жарияланды.

"Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру" екінші бағыты аясында жалпы 162 млн. теңге 25 шағын несие берілді, жұмыс жалғасуда, осы қаржыны жыл аяғына дейін игеру керек. Осы жерде айта кететін жаңалық - 2017 жылдан бастап несиелер жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға беріледі. Сондықтан, ауыл және кент әкімдеріне осы сұрақ бойынша тапсырма берілген. (Шағын мал семірту, шағын жылыжай, сүт қабылдау пунктері, мал сою цехтары, ауылшаруашылық кооперативтері).
"Оқыту және қоныс аудару арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу" үшінші бағыты бойынша қайта дайындау, кәсіби дайындау курстарын, жастар тәжірибесін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға 18,9 млн.теңге бөлінді.

Тағы да қосымша қаржы алуға жұмыс жасалынуда! Бұл ауыр жұмыстар – ақша кеш келді, уақыт тығыз. Сондықтан, барлық тиісті органдар болып ат салысып қаржыны уақытында, заңды, сапалы игеруге ат салысуға шақырамын!

Білім беру
«Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде мектепке дейінгі тәрбие және оқумен балалардың 1 жастан 6 жас аралығында - 95,6%, 3 жас пен 6 жас аралығында - 100% қамтылған. Бұл облыс бойынша жақсы көрсеткіш.

Ауданда 33 мектеп білім беруде, 2 балалар бақша және 26 мектепте ұйымдастырылған шағын орталықтар жұмыс істейді, олардың 9, яғни 34,6% толық күнге көшірілген. Енді алдымыздағы жылы шағын орталықтарды толық күнге көшіру, Ахмет ауылында бала – бақша ашу.

Анықтама: Есепті кезеңдегі мектепке дейінгі балалардың саны (1 жастан 6 жасқадейін) 1793 адам, немесе 2015 жылдың деңгейіне 90,7 %. мектепке дейінгі мекемлерде қамтылған балалар саны 1714 адам, немесе 2015 жылдың деңгейіне 100,4%. 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 95,6%. мектепте оқушылар саны 3833, өткен жылмен қарағанда 26 –ға төмендеген.

Барлық компьютерлер -781 бірлік. Аудан бойынша бір компьютерге 4,8 оқушы (облыс бойынша -5,4). Бірақ бұл алдамшы көрсеткіш, өйткені барлық компьютерлердің 49% жарамсыз.
Жаппай оқыту қорынан жағдайы төмен отбасы балаларын киіммен, аяқ киіммен, жазғы сауықтандыру және демалыспен қамтамасыз етуге 35,0 млн. теңге бөлінген. Жағдайы төмен отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 26,7 млн. теңге бөлінген.
Анықтама: Бірыңғай ұлттық тестілеуге 218 мектеп бітірушілерден 119 түлек қатысты, бұл жалпы саннан 54,6% құрады. Аудан бойынша орташа 71,5 балл, бұл былтырғыдан 6,9% баллға жоғары.
Осы саладағы міндеттер:
-барлық балалар шағын орталықтарын толық күнге көшіру;
-компьютерлермен қамтамасыз ету;
-мектеп МТБ-н нығайту;
-білім сапасын көтеру;
-білім ошақтарында жөндеу жұмыстарын жалғастыру.

Денсаулық сақтау.
Ағымды жылдың басынан бала туу коэффиценті 2015 жылмен салыстырғанда 3,4 %-ға төмендеді, туылғандар саны 209 адам (2015 жылдың 8 айы ішінде -217 адам), өлім- жітім коэффиценті 11,1% - ға азайды 138 адам (2015 жылы 155 адам). Нәресте өлімінің 1 жағдайы тіркелді. (2015 жылы -2 жағдай). Ана өлімі болған жоқ.

Туберкулез ауруының 16 жағдайы тіркелген, өткен жылмен салыстырғанда 45,4% өскендігі байқалады (2015ж. – 11 жағдай). Бұл бізді қатты алаңдатып отырған жағдай, өйткені оның басым көпшілігі аудан орталығында. Скринингтік тексерулерді жүргізу нәтижесінде ауруларды ерте анықтау көбейген.

Жалпы денсаулық саласында, әсіресе Теңіз өңірінде атқаратын жұмыстар әліде көп. Олар әлеуметтік аптека ашу, тегін дәрі – дермек, жедел – жәрдем машинасы, қажетті дәрігерлер тапшылығы, тұрғындардың дәрігерлерге наразылығы, т.б. проблемалар бар.

Мәдениет саласында барлық мемлекеттік мерекелер мен ерекше мәні бар күндерге іс-шаралар өткізіледі. 4 аудандық сайыс пен 1 фестиваль өткізілді. Аудан бойынша барлығы 3071 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілген. 3 жылдай бөлім басшысы болмаса да, мәдениет саласының жұмысы ақсаса да, тоқырау болған жоқ, соған ризашылығымды білдіремін. Таяу арада мәдениет бөлімінің басшысы ретінде білікті, тәжрибелі адам тағайындалды. (А.Қайырбекова). Осы бөлім алдында үлкен тың жұмыстар қойылып отыр.

Спорт саласында біршама нәтижелерге қол жеткізілген. Ауданның спортшылары ХХХ-шы облыстық ауылдық спартакиадада қол күресінен, аударыспақтан және шахматтан жалпы командалық 2 орынға ие болды, президенттік көп сатылы жарыстан ІІІ-ші орын алды.

Анықтама: Щербаковский ауылының балуаны Александр Абдрахманов 60 келі салмақ санаты бойынша қазақша күрестен облыс чемпионы атанды.
Кертінді ауылының тумасы Төлеубай Сатанов Қарқаралы қаласында Тоқтар Әубәкіровтың 70 жылдығына арналған облыстық Құнан жарысынан 1-ші орын алған.

Жалпы аудан бойынша көпшілік спорттық шаралар өткізілуі жаман емес, бірақ аудан спорт бөлімінің салауатты өмір салтын насихаттау, ұйымдастыру, ауыл округтерінің бастарын қосу, халықты жаппай спортқа тарту жағынан кемшіліктері көп, жұмысты ширату керек. Ал, Теңіз өңірінің спортшылары спорт бөлімі назарынан тыс қалады, ондай жағдай барлық бөлім басшыларында да бар.

Бюджеттік бағдарлама бойынша ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға арналған бюджеттік несие беруге республикалық бюджеттен 44,5 млн.теңге қаражат бөлінген және көтерме жәрдемақы төлеуге – 3,9 млн.теңге бөлінген.
8 ай ішінде 26 маманға 3,9 млн.теңге көтерме жәрдемақы төленген, 7 маманға 21,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік несие берілген.

Қылмыс. Аудандағы криминогендік жағдай жалпы қылмыстың 2015 жылмен салыстырғанда 26,9% төмендеуімен сипатталады. Аса ауыр қылмыс, қарақшылық, қаруды сақтау, есірткілік мастану кезінде және тұрмыс аясында жасалған қылмыстарға жол берілмеген. (Слайд)
Жедел жағдайдың шиеленісуіне және төтенше жағдайларға жол берілмеген. Бірақ, тұрғындар тарапынан да , билік тарапынан да жаңа құрылған жергілікті полиция қызметінің жұмысына көңіл толмай тұр. Алаңдататын мәселе – бүгінгі күні ұсақ қылмыстардың күннен күнге көбейіп бара жатқаны. Сондықтан полиция қызметінің жұмысын жаңа тиімді деңгейге көтеруді талап етуді күшейтуіміз керек.

Ішкі саясат саласындағы атқарушы органдардың жұмысы ішкі саяси үрдістерді нығайтуға және Нұра ауданының азаматтарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. 2016 жылдың күн тәртібінде: Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауын «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСУ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ», «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру мен іске асыру тұр.
Атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында маңызы зор түрлі іс-шаралар өткізуде. Нұра ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің мерейтойын дайындау және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Президент Әкімшілігінің концепциясына сәйкес әр ай Тәуелсіздігімідің жетістіктері және Мәңгілік Ел құндылықтары аясында өтіп жатыр.
Ауданда қоғамдық-саяси жағдайды жетілдіру, саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, ҮЕҰ - н (үкіметтік емес ұйымдар) өзара әрекеттестік бойынша жүйелі жұмыс жасалған.
Аудан бойынша оқиғалар қатары аясында жерлестеріміздің мерейтой даталары бойынша іс-шаралар өткізіледі. Ауданның ақпараттық-насихаттаушы топтарының мүшелері Елбасымыздың Жолдауын талқылау үшін халықпен 127 кездесу өткізген. Ономастика саласында көп жұмыстар тосып тұр. Ауданда 88 көше, 7 ауылдың атауы моральдік түрде ескіріп, заман талабына сәйкес емес. Егемендігіміздің 25 жылдығы аясында халықпен ақылдаса отырып, тарихи атауларын қайтару туралы көп жұмыс тосып тұр.
Діни эсктремизмді алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілген. Жылдың басынан діни басшылары мен «Нұрлы білім» (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында) қоғамдық бірлестігі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелерін анықтау бойынша 27 елді мекенде халықпен 71 кездесу өткізген. Аудан аумағында діни радикализм мен экстремизм көріністері тіркелмеген.
Бірақ, халықтың арасындағы діни сауаттылықты арттыруда, конфессия аралық татулықты нығайтуда атқаратын жұмыс көп. Жекелеген ауылдарда осы уақытқа дейін намазхана да жоқ. Жаңа құрылған мешіт алқасы халықпен жиі кездесіп, тұрғындардың әсіресе жастардың арасында діни сауаттылықты көтеруге жұмыс жасау керек.
Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаз мезгілінде «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысы ұйымдастырылды.
«Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 0,7 млн.теңге (2015 жылы – 1 млн.теңге) көлемінде қаражат бөлінген. Екі ай ішінде «Жасыл ел» ЖЕЖ (жастар еңбек жасағы) 16 мен 29 жас аралығында 29 адам жұмыс істеді. Тоқсан сайын аудан жастары арасында мониторинг жүргізіледі, оның нәтижесінде жастардың әлеуметтік портреті жасалып, ірі жобалар іске асырылды. Жастар форумы аясында шығармашылықты дамытуға аудан әкімінің гранттары табысталды. Биыл ауданның екі жас кәсіпкері облыс әкімінің гранттарына ие болды.


Қоғамдық-саяси ахуалдың күн сайынғы мониторингі жүргізіледі. Есепті кезең ішінде еңбек жанжалдары тіркелмеген. Аудандағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты.

Мен бүгін 2016 жылдың 8 айлық жұмысының қысқаша қорытындысын жасадым. Елбасымыз айқындаған ел дамуының стратегиясындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыру ең алдымен қоғамдық келісім мен халқымыздың бірлігін сақтау мен нығайтуды талап етеді. Біздің барлық қызметіміз осы стратегиялық басымдықты қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге біздің жұмысымызда шешуін таппаған мәселелер де бар. Біз оларды анық көріп отырмыз және алдағы уақытта оларды шешу үшін жоспарлы түрде жұмыс жасайтын боламыз.
Құрметті депутаттар !
Есепте айтылған жетістіктермен бірге проблемаларды өкілді, атқарушы өкімет органдарымен, «Нұр Отан» партиясымен, жұртшылықпен бірлесе отырып шешуге болады және шешіледі.
6 айдай болған осы уақытта түсіністікпен бірлесе жұмыс істегеніміз үшін сіздерге алғыстан басқа айтарым жоқ. Азаматтардың түсінігі бар, ірі, орта шаруашылық басшыларының да ауылға деген қамқоршылығын, жанашырлығын сезіп те, көріп те жүрмін. Болашақта біз аудан тұрғындарының игілігі үшін қойылған мақсаттарды іске асырып, бірігіп бір кісідей еңбек етеміз деп сенемін!

Жалпы тиянақты, кең көлемде аудан бойынша атқарылған жұмыстар, орын алған кемшіліктер, шешімін таппай отырған проблемар және алдағы жоспарымызды халық талқысына салып, жыл қорытындыларымен толық баяндайтын да уақыт келеді.
Назарларыңызға рахмет!

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 343.06
Евро 402.38
Рубль 5.49
В Нуринске сейчас: 25°C ашық
  • Дымқылдылық: 33%
  • Қысым: 714
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»