Бірінші басшылардың өмірбаяны

 

 Байкен Есет Берікұлы – Нұра ауданының әкімі

Байкен Е.Б. 1986 жылы 23 казан күні Қарағанды облысы Нұра ауданы Баршын ауылында туған. 2008 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «қаржы» мамандығы бойынша және Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2008-2009 жылдары Астана қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының жетекші маманы, 2009-2010 жылдары Астана қаласының экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бас маманы, 2010-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің аппаратында бас маманы, бас инпекторы қызметін атқарды, 2013-2016 жылдары  Астана қаласы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, 2016-2017 жылдары ҚР Президенті әкімшілігі басшысы хатшылығының сарапшысы, 2017 жылдан Нұра ауданы әкімінің лауазымына тағайындалғанына дейін ҚР Президенті әкімшілігінің  мемлекеттік инспекторы лауазымында жұмыс атқарған.
2015 жылы «Ерең еңбегі үшін» және үш мерейтой медальдарымен марапатталған.

Жұманов М.Қ.
Нұра ауданы әкімінің орынбасары.


Мешітбай Қайыржанұлы Жұманов Қостанай облысы, Наурызым ауданы, Наурызым кентінде 1969 жылы тұған. Екі жоғарғы білімі бар. 2002 жылы Қазақстандық экономика және құқық институтын, 2007 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмәмдады. 
Еңбек жолын Наурызым кентінде 1986 жылы жұмысшы ретінде бастап, аудандық қаржы бөлімінің инспекторы, бас маманы, бөлім басшысы ретінде қызметтерін 1999 жылға дейін атқарды. 


Одан кейін Қарағанды қаласының «ВИД» ЖШС фирмасының байланыс қызметі бойынша менеджері, 2002 жылдан бастап Қарағанды қаласы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы, Октябрь ауданы Салық комитетінің бөлім басшысы, ал 2014 жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Ақтоғай ауданы бойынша салық басқармасының басшысы ретінде қызмет атқарды.

Оспанов Уәлихан Тілеуханұлы
Нұра ауданы әкімінің ауыл шаруашылық саласы бойынша орынбасары болып Уәлихан Тілеуханұлы Оспанов тағайындалды.
Уәлихан Тілеуханұлы 1965 жылы Нұра ауданы Шахтер ауылында туған. Білімі жоғары, агрономия мамандығы бойынша Ақмола аграрлық университетін бітірді.
Еңбек жолын 1988 жылы Куйбышев атындағы кеңшарының №2 бөлімшесі бригадирінің көмекшісі ретінде бастап, бөлімше жүргізуші-тракторшысы ретінде еңбек етті. 1992 жылы «Трудовик» кеңшарының есеп бойынша бригадирінің көмекшісі ретінде 1995 жылға дейін жұмыс істеп, одан кейін Осакаров ауданының Чапаев атындағы кеңшарының бас агрономының міндетін атқарды.
2001 жылдан Нұра аудандық аумақтық басқармасының жетекші маманы-тұқым шаруашылық жөніндегі мемлекеттік инспекторының міндетін атқарды.
Ал 2001 жылдың тамызынан 2004 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облыстық аумақтық басқармасының астық және тұқым инспекциясы бөлімінің жетекші маманы.
2004 жылдың сәуір айынан Нұра ауданының ауыл шарушылығы департаменті басшысының міндетін атқарушы, департамент басшысы ретінде 2005 жылдың қантарына дейін еңбек етіп, 2006 жылға дейін Нұра ауданының ауыл шарушылығы және жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі болды. 2007 жылдың қазан айына дейін Нұра ауданының ауыл шарушылығы бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2009 – 2011 жылдары «БТА Казахстан» АҚ өкілдігінің 3 санатты менеджері, Ұлар Үміт» ЗЖҚ Қарағанды облыстық филиалының табыскерлермен жұмыс бойынша бөлімінің 4 деңгейдегі маманы болып еңбек атқарды.

2011 – 2012 жылдары «Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мекемесінің бағдарламашы – жүйе технигі, жоғары деңгей біліктілігінің маманы – агрономы, ал 2012 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың қазан айына дейін «Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мекемесінің мемлекеттік астық және тұқым инспекция бөлімінің бас маманы-мемлекеттік астық инспекторының м.а., астық және тұқым инспекциясы бөлімінің бас маманы-мемлекеттік астық инспекторы.
2013 жылдың қазан айынан 2016 жылдың маусым айына дейін «Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мекемесінің басшысы, 2016 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Нұра ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.


Мұратбек Далелханұлы Тұраров
М. Тұраров 1983 жылы Киевка кентінде туған. Білімі жоғары, ҚР Ішкі істер Министрлігі Академиясының Заң институтын бітірген.
2000 жылдың қырқүйек айынан 2010 жылдың мамыр айына дейін ішкі істер органдарында қызмет етті, одан кейін 2012 жылдың сәуір айына дейін аудандық ауруханасының заңгері ретінде жұмыс атқарды.
2012 жылдың тамыз айында аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып тағайындалды.
2013 жылдың сәуір айынан 2015 жылдың тамыз айына дейін Ақмешіт ауылының әкімі. Ал 2015 жылдың қырқүйек айынан 2016 жылдың желтоқсан айына дейін Нұра ауданы «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет атқарды.
2016 жылдың 12 желтоқсанынан 2017 жылдың маусымына дейін Нұра ауданы әкімінің аппарат басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың 6 маусымынан Нұра ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 384.05
Евро 432.79
Рубль 5.96
В Нуринске сейчас: 13°C облачно
  • Дымқылдылық: 52%
  • Қысым: 711
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»