1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификацияла

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 24 қарашадағы № 22-VІ ҚРЗ
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2016 жылғы 12 сәуірде Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.

Қазақстан Республикасының


Президенті
Н. Назарбаев



1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы
атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың
мәртебесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 24-бабына сәйкес,
екі мемлекеттің мүдделерін өзара сыйлау қағидатына сүйене отырып, "Байқоңыр" кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып,
төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Келісімнің 10-бабының 2-тармағындағы "Байқоңыр қаласының әкімшілігінде" деген сөздер "Байқоңыр қаласының салық органында" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап
Келісім мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

"12-1-бап. Тауарларды өткізу және әкелу кезінде жанама салықтарды қолдану
1. Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жасалатын тауарларды өткізу бойынша айналымдарға (операцияларға) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкетілетін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкетілетін жағдайда - нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС) салынады және акцизделетін тауарларға қатысты акциздер төлеуден босатылады. Осындай операцияларды жүзеге асыру кезінде аталған тұлғалардың осы мемлекеттердің аумағынан Еуразиялық экономикалық одақтың шегінен тыс жерлерге экспортталған тауарларға қатысты қолданылатын, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының заңнамасында көзделген осыған ұқсас тәртіппен салықтық шегерімдерді (есепке жатқызуларға) жүргізуге құқығы бар.
ҚҚС-тің нөлдік ставкасын қолдану және (немесе) әкетілетін тауарлар бойынша акциздерді төлеуден босату негізділігі осы баптың 5-тармағында көзделген құжаттармен расталады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкелу кезінде салық салынуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлар әкелуге Қазақстан Республикасының салық органдары өндіріп алатын және Қазақстан Республикасының бюджетіне төленетін Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.
3. Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлар әкелуге Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес Ресей Федерациясының аумағына және оның юрисдикциясында болатын өзге аумаққа әкелу кезінде салық салуға жатпайтын (салық салудан босатылатын) тауарларды қоспағанда, Байқоңыр қаласының салық органы өндіріп алатын Ресей Федерациясының Салық кодексінде белгіленген ставкалар бойынша жанама салықтар салынады.
4. Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына (Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына) тауарларды әкелу кезінде тауарлардың бір заңды тұлға шегінде берілуіне байланысты (Тараптардың заңнамасында осындай тауарларды әкелу (әкету) туралы салық органдарын хабардар ету жөнінде міндеттеме белгіленуі мүмкін) жанама салықтар өндіріп алынбайды.
5. ҚҚС-тың нөлдік ставкасын қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын құжаттар мыналар:
1) олардың негізінде тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аумағынан (өзге аумағына) Байқоңыр қаласының аумағына (аумағынан) өткізу және әкету жүзеге асырылатын шарттар (келісімшарттар) (егер бұл Тараптардың заңнамасында көзделсе, олардың көшірмелері);
2) егер Тараптардың заңнамасында өзгеше көзделмесе, тауарларды өткізуден түскен түсімнің іс жүзінде түсуін растайтын банктің үзінді көшірмесі;
3) Қазақстан Республикасы салық органының немесе Байқоңыр қаласы салық органының белгісі бар, тауарды сатып алушының орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша жанама салықтарды төлегені (салық міндеттемелерінен босатылғаны немесе оларды өзге тәртіппен орындағаны) туралы тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініші (бұдан әрі - өтініш) не өтініштер тізбесі (қағаз жеткізгіште немесе салық төлеушінің электрондық (электрондық цифрлық) қолтаңбасымен электрондық түрде). Өтініштің және өтініштер тізбесінің нысандары, сондай-ақ оларды толтыру тәртібі мен форматтары Тараптардың салық органдарының нормативтік құқықтық актілерінде не Тараптардың өзге нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады;
4) Байқоңыр қаласының аумағынан Қазақстан Республикасының өзге аумағына тауарлардың әкетілуін немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағынан Байқоңыр қаласының аумағына тауарлардың әкетілуін растайтын көліктік (тауарларға ілеспе) және (немесе) өзге де құжаттар;
5) егер бұл тауарларды әкету кезінде Тараптардың салық заңнамасында көзделсе, КҚС-тың нөлдік ставкасын қолданудың және (немесе) акциздерді төлеуден босатудың негізділігін растайтын өзге де құжаттар болып табылады.
6. Осы баптың 1-3-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, тауарларға қатысты жанама салықтарды қолдану және өндіріп алу және Қазақстан Республикасының өзге аумағынан (өзге аумағына) Байқоңыр қаласының аумағына (аумағынан) тауарларды әкелу (әкету) кезінде олардың төлеміне бақылау жүргізу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.
7. Қазақстан Республикасының өзге аумағына осы тауарларды әкетпей Байқоңыр қаласының аумағында тауарларды өткізу кезінде жанама салықтар Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес қолданылады.".

3-бап
Келісім мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:

"12-2-бап. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану
1. Жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу, егер бұл аумақ жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылатын жағдайда Байқоңыр қаласының аумағында немесе Қазақстан Республикасының өзге аумағында жүзеге асырылады.
2. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны:
1) егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тікелей жылжымайтын мүлікпен байланысты болса, жылжымайтын мүліктің орналасқан орны бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның ережелері жылжымайтын мүлікті жалға беру, жалдау және өзге де негіздерде пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге қатысты да қолданылады;
2) егер жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тиісті аумақта орналасқан жылжымалы мүлікпен, көлік құралдарымен тікелей байланысты болса, жылжымалы мүліктің, көлік құралдарының орналасқан жері бойынша;
3) егер мәдениет, өнер, оқу (білім беру), дене шынықтыру, туризм, демалыс және спорт саласында қызметтер көрсетілсе, іс жүзінде қызметтер көрсету орны бойынша;
4) егер мынадай қызметтер көрсетілсе:
консультациялық, заң, бухгалтерлік, аудиторлық, инжинирингтік, жарнамалық, дизайнерлік, маркетингтік көрсетілетін қызметтер, ақпаратты өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және тәжірибелік-технологиялық (технологиялық) жұмыстар;
электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен дерекқорларды (есептеу техникасының бағдарламалық құралдары мен ақпараттық өнімдерін) әзірлеу, осындай бағдарламалар мен дерекқорларды бейімдеу және түрлендіру, сүйемелдеу жөніндегі жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
егер персонал сатып алушының қызмет орнында жұмыс істеген жағдайда, персонал беру жөнінде көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметтерді сатып алушының салық органдарында тіркелу орны бойынша айқындалады.
Осы тармақшаның ережелері:
патенттерді, лицензияларды, мемлекет қорғайтын өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды куәландыратын өзге де құжаттарды, сауда маркаларын, тауар белгілерін, фирмалық атауларды, қызмет көрсету белгілерін, авторлық, сабақтас құқықтарды немесе өзге де осыған ұқсас құқықтарды беру, ұсыну, басқаға беру;
көлік құралдарын жалға беруді, олардың лизингін және өзге де негіздерде пайдалануға беруді қоспағанда, жылжымалы мүлікті жалға беру, оның лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру;
осы тармақшада көзделген жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету үшін шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушы үшін өзінің атынан тартатын тұлғаның не шартқа (келісімшартқа) негізгі қатысушының атынан басқа тұлғаның қызметтер көрсетуі кезінде де қолданылады;
5) егер осы тармақтың 1 - 4-тармақшаларында көзделмеген жұмыстар орындалса (қызметтер көрсетілсе), сатушының салық органдарында тіркелу орны бойынша да қолданылады.
Осы тармақшаның ережелері көлік құралдарын жалға беру, олардың лизингі және өзге де негіздерде пайдалануға беру кезінде де қолданылады.
3. Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орнын растайтын құжаттар:
1) жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге арналған шарт (келісімшарт);
2) жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету фактісін растайтын құжаттар;
3) Тараптардың салық заңнамасында көзделген өзге де құжаттар болып табылады.
4. Егер салық төлеуші салық салу тәртібі осы баппен реттелетін жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бірнеше түрін орындаған, көрсеткен жағдайда және бір жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу басқа жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің өткізілуіне қатысты қосалқы сипатта болған жағдайда, онда негізгі жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны қосалқы жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны болып танылады.
5. Егер Байқоңыр қаласының аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Ресей Федерациясының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
Егер Қазақстан Республикасының өзге аумағы жұмыстарды өткізу, қызметтерді көрсету орны болып танылса, онда жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде салықтық база, жанама салықтардың ставкалары, оларды өндіріп алу тәртібі және салықтық жеңілдіктер (салық салудан босату) Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес айқындалады.
6. Байқоңыр қаласының салық органында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға және Қазақстан Республикасының өзге аумағында тіркелген дара кәсіпкер немесе заңды тұлға арасында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды қолдану және өндіріп алу және олардың төлеміне бақылау жүргізу тетігі 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта белгіленген осыған ұқсас тәртіппен жүзеге асырылады.".

4-бап
Осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап жүзеге асырылатын тауарларды өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) жөніндегі операцияларға қатысты осы Хаттама қолданылады.

5-бап
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданысы тоқтатылған күннен бастап қолданылуын тоқтатады.
2016 жылғы 12 сәуірде Мәскеу қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің күші бірдей.

Қазақстан Республикасы үшін
Ресей Федерациясы үшін

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 326.17
Евро 401.25
Рубль 5.31
В Нуринске сейчас: 15°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 79%
  • Қысым: 710
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»