«Шетелдік қаржыландыру мониторингі» мәселесі бойынша СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Сұрақ: «Келісім-шартта қол қойылады, келісім-шарттағы сома бірнеше транштарға (келісім-шарт бойынша) бөлінеді. 017.00 н. хабарламаға соммаларды қалай көрсету қажет, өйткені бағам әр траншқа әртүрлі болып табылады. Кеңестен кейін 2016 жылғы 1 наурызда келісім-шарт бойынша қол қойылған, 2016 жылғы 29 желтоқсанда түскен ақша алынғандығы туралы хабарламаны МКБ жібердім?»
Жауап:  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабы 1-тармағына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң күшi ол қолданысқа енгiзілгенге дейiн туындаған қатынастарға қолданылмайды. 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс ету «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 14-бабы 1-1 және 1-2 тармақтарымен белгіленген (нормалар 2016 жылғы 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді). Бұл ретте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы №№ 553, 554 бұйрықтарымен көрсетілген есептіліктердің нысандар, тәртіптер және мерзімдері белгіленген (2016 жылғы 25 қарашадан және 2016 жылғы 2 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді). 2016 жылғы 1 наурызда жасалған келісім-шарт бойынша қарастырылған жағдайда 018.00 нысандағы есептілікті 2016 жылғы 15  ақпаннан кешіктірмей мемлекеттік кірістер органдарына табыс ету, 2016 жылғы 29 желтоқсанға дейінгі алынған ақшалар және оларды жұмсағандығы бойынша мәліметтерді 018.01 н. және 018.02 н. қосымшаларында толтыру қажет.

Сұрақ: «Шетелдік қаржыландыру бойынша есептілікті табыс етуден қандай санат тұлғалары босатылады?»
Жауап:  ҚР Салық кодексінің 14-бабы 1-1-тармағына сәйкес 017.00, 018.00 нысандар бойынша есептілікті табыс етуден мынадай тұлғалар:
1) мемлекеттік мекемелерге;
2) лауазымдық міндеттерін атқару кезінде жауапты мемлекеттік лауазымдарды атқаратын адамдарға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттарына (өз қызметін босатылмаған негізде жүзеге асыратын мәслихаттар депутаттарын қоспағанда), әскери қызметшілерге, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне;
3)  екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сақтандыру ұйымдарына;
4) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерге;
5) мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдары мен халықаралық мектептерге;
6) адвокаттық, нотариаттық қызметті, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың, төрешілердің, бағалаушылардың, аудиторлардың қызметін жүзеге асыруға байланысты алынған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
7)   квазимемлекеттік сектор субъектілеріне;
8) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне;
9)   спорттың ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлерін дамытуға, дене шынықтыру мен спортты қолдауға және ынталандыруға бағытталған, сондай-ақ спорттық іс-шараларды, оның ішінде халықаралық спорттық жарыстарды, спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
10) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
11) емделудің ақысын төлеу немесе сауықтыру, профилактикалық рәсімдерден өту мақсатында алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
12) сыртқы сауда келісімшарттары бойынша пайда түрінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
13) халықаралық тасымалдарды ұйымдастырғаны және жүзеге асырғаны үшін, халықаралық пошта байланысы қызметтерін көрсеткені үшін алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған инвестициялық келісімшарттар шеңберінде алынатын ақшаға және (немесе) өзге де мүлікке;
15) төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалғанын растайтын құжаттар болған кезде, төлем көзінен бұрын осындай салық салынған дивиденттердің, сыйақылардың, ұтыстардың сомаларына;
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де жағдайларға босатылады.

 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 343.06
Евро 402.38
Рубль 5.49
В Нуринске сейчас: 25°C ашық
  • Дымқылдылық: 33%
  • Қысым: 714
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»