Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері.

Нұра  бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы  хабарлайды жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімін белгілеу ерекшеліктері және оны ұсыну мерзімдері.
         Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімі сауда объектілерін, сауда объектілеріндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретін дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалардың жалға беру (пайдалануға) шарттары бойынша мынадай мәліметтерді:
      1) жеке тұлғаның-жалға алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде);
      2) жалға алушы – дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның толық атауын;
      3) жеке тұлғаның-жалға алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нөмiрi мен күнiн;
      4) жалға алушының сәйкестендiру нөмiрiн;
      5) жалға беру (пайдалану) шартының нөмiрi (болған кезде) мен жасасқан күнiн;
      6) жалға берудің (пайдаланудың) басталу және аяқталу күні көрсетіле отырып, оның нақты кезеңін;
      7) жалға беру (пайдалану) шартына сәйкес төленуге жататын және нақты төленген соманы көрсете отырып, жалға беру төлемінің сомасын және (немесе) өтелетін шығыстар сомасын;
      8) сауда объектісінің, сауда объектісіндегі, оның ішінде сауда базарындағы сауда орнының мақсатын;
      9) сауда объектісінің, сауда объектiсiндегі, оның iшiнде сауда базарындағы сауда орнының орналасқан жерін;
      10) өзге де мәліметтерді көрсетуге арналған.
      Бұл ретте жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілімінде сауда объектісінің, оның ішінде сауда базарының:
      1) стационарлық немесе стационарлық еместігі;
      2) жалпы алаңы;
      3) сауда алаңы;
      4) сауда желісіне кіретіндігі (кірмейтіндігі) туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
         Жалға беру (пайдалану) шарттарының тiзiлiмi салық органына сауда объектiлерiн, сауда объектiлерiндегі, оның ішінде сауда базарларындағы сауда орындарын жалға (пайдалануға) беретiн салық төлеушi – дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша есептi кезеңнен кейiнгi 31 наурыздан кешiктiрiлмейтін мерзімде табыс етiледi.


Нұра  ауданы бойынша МКБ
 


 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 371.31
Евро 419.32
Рубль 5.59
В Нуринске сейчас: -3°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 719
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»