Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын пайдалану туралы.

Фискалдық дерек мемлекеттегі қолма-қол ақша айналымының негізгі мәліметтері болып табылады. Мемлекет қаншаға еліміздің ішкі экономикасын бақылауы олардың дұрыстығына байланысты. Был ретте фискалдық деректерді жасыру және бұрмалау жымысқы экономиканың негізгі құралы болып табылады.
Жымысқы экономикаға қарсы түйінді құралдың бірі болып фискалдық деректі сатушыдан мемлекеттік кірістер органдарына «онлайн» режимінде бреу болып саналады.
Осы мақсатта салық заңнамасына өзгерістер енгізілген, соған байланысты 2015 жылдың 1 шілдесінен мұнай өнімдерін және алкоголь өнімдерін сатушылар ақша арқылы саудада деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (әрі қарай – ДБФ бар БКМ) қолдануға міндетті.
2015 жылдың 30 желтоқсанынада Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1129 қаулысымен қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде ДБФ бар БКМ 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолдануды қамтамасыз етуге міндетті болатын жекелеген қызмет түрлерiнің тізбесі бекітілген.
Қазақтелеком АҚ-мен фискалдық деректер операторына (ФДО) қосылуға техникалық мүмкіндігі бар деп танылған салық төлеушілер ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті.
Мемлекеттік кірістер органдырының жаңа БКМ қою талабы заңды шара екеніне, назарларыңызды аударамыз.
Салық төлеущілердің назарына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 284 бабы 1 бөлімі бойынша сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану – ескерту жасауға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 284 бабы 2 бөлімінде, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жоғарда айтылғанға байланысты, аудан аумағында орналасқан ДБФ бар БКМ қолдануға міндетті салық төлеушілерге ФДО порталына қосылуға барлық шаралады қолдану қажет.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 327.92
Евро 399.31
Рубль 5.23
В Нуринске сейчас: 11°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 39%
  • Қысым: 721
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»