Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы

Нұра бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 579 бабының 5 тармағына сәйкес (одан әрі - Салық кодексі), салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға әрекетсіздеп танылған салық төлеушілер санатына енгізілмеу мақсатында, салық заңнамасымен белгіленген мерзімде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемесін орындау қажет.
Осыдан басқа, сенімсіз салық төлеушілер тізіміне әрекетсіз деп танылған салық төлеушілермен бірге, орналасқан жері бойынша шынында болмаған салық төлеушілер қосылған.
Сенімсіз салық төлеушілер тізімі уәкілетті органның ғаламтор-ресурсында орналасқан, мекенжайы: www.kgd.gov.kz.
Сонымен қатар, Салық кодексінің 558 бабына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша жұмыс уақытында салық органдары жүзеге асыратын салықтық бақылаудың бір нысаны салықтық зерттеу болып табылады.
2017 жылғы 01.01-нан бастап Салық кодексінің 558 бабының 2 тармағына 4 тармақшасы енгізілді, Салық кодексінің 579 бабына сәйкес әрекетсіз деп танылған салық төлеушінің іс жүзінде бар немесе жоқ екенін растау қажеттілігі салықтық зерттеп-тексеруді жүргізу үшін негіз болып табылады.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.49
Евро 421.06
Рубль 5.54
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 75%
  • Қысым: 718
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»