Алымның және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу туралы түсіндіру

ҚР Салық Кодексінің 599-бабына сәйкес, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші артық төленген сома есептелінетін салық төлеушінің жеке шоты бойынша салық органымен ұлттық валютада жүргізіледі.
Заңды, жеке тұлғаның салықтық өтініштерінде келесі деректер көрсетілуі тиіс:
- өтініш берушінің әкесінің аты, аты, тегі немесе атауы;
- өтініш берушінің мекен-жайы, СТН, БСН/ЖСН;
- артық төленген сома пайда болғаны бойынша салық және басқа да міндетті төлемнің түрі;
- қайтаруға немесе алымға жататын сомма;
- артық төленген сома есептелінетін төлемдер, салық түрі және код;
- банк шотына қайтарған жағдайда – салық төлеушінің банк шотының нөмірі және банктің атауы, немесе операциялардың жеке түрлерін іске асыратын мекемелер, сондай-ақ олардың реквизиттері.
Салықтың артық төленген сомасын қайтару кезінде салық төлеуші салықтық өтініш берушіге салықты төлеу туралы төлем құжатының немесе басқа міндетті төлемнің көшірмесін немесе түпнұсқасын қоса беруі керек.
Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомасы болып табылады.
Салықтың, төлемақының, алымның және өсімпұлдың артық төленген сомалары басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке алуға жатқызылмайды.
Есепке жатқызуды жүргізу он жұмыс күнін құрайды:
- есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;
- өтінішсіз – жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап.
Салықтың, төлемақының, алымның артық төленген сомасы салық берешегін өтеу және алдағы төлемдерді төлеу есебіне мынадай тәртіппен:
1) салық төлеушінің өтінішінсіз – өтеу есебіне:
осы салық түрі бойынша өсімпұлдар, төлемдер;
осы салық түрі бойынша айыппұлдар, төлемдер;
2) есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша бересіні өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша өсімпұлды өтеу;
салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша айыппұлды өтеу;
егер осы баптың 13 және 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының, алымның түрі бойынша алдағы төлемдерді – төлеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.
Қате сомалар бойынша салық өтініші, банк өтініші салықтың қате төленгені бюджетке басқа міндетті төлем жүргізілген салық қызметі органына ұсынылады.
Салық, бюджетке басқа міндетті төлемнің қате төленген сомасымен, келесі қателерден әрбір жіберілгендерін есептеген кездегі сома болып табылады:
1) төлем құжатында:
салық төлеугінің (салық агентінің) сәйкестендіргіш нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
салық органының сәйкестендіргіш нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
төлемнің мәтіндік тағайындауы кірістердің бюджеттік классификациясына және (немесе) төлемнің тағайындау кодына сәйкес келмейді;
2) салық төлеугінің (салық агентінің) төлем құжатының банк операцияларының жеке түрлерін іске асыратын мекеме немесе банкпен қате орындау;
3) төлем ақшаны жіберуші – салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмайтын салық органына жүргізілді;
4) ақшаны жіберуші – салық төлеуші салық немесе бюджетке басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайды.
Қателіктердің барын салық органымен растаған жағдайда осы салық органы:
1) тиісті салық органына және (немесе) бюджетті классификацияға тиісті қате төленген сома есебіне өткізіледі;
2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізідеі.
Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару мұндай салық, төлем, өсімпұл бойынша салық төлеушінің жеке шоттары жүргізілетін салық органымен салықтық берешектері болмаған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотына ұлттық валютада жүргізіледі.
Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, қайтаруға өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Анық нақты ақпаратты алу үшін Киевка к., Абай к-сі, 14 № 101 кабинет мекен-жайы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына жүгініңіз.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 371.31
Евро 419.32
Рубль 5.59
В Нуринске сейчас: -3°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 719
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»