Арнаулы салық режимiн қолдану және мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар:
1) дара кәсіпкерлер үшiн:
дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;
салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса;
2) заңды тұлғалар үшiн:
қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;
салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.
Басты Басқарма
Мемлекеттік кірістер басқармасы
Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолдану шарттары.