Салық төлеушілердің назарына!!!

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 82-бабы өзгертілді, оған сәйкес қосылған құн салығын міндетті тіркеу үшін, ең төменгі айналым республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарына дейiн жарамды 30 000 еселенген айлық есептiк көрсеткiшке жету керек.

            Айналымның ең төменгі мөлшеріне оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкердің айналымы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 114184 еселенген мөлшерінде және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданылмайды үш компонентті интеграциялық ақпараттық жүйені пайдаланаса.

            686 баптың 2-тармағына сәйкес есептелген жеке табыс салығының сомасы деректерді тіркеу және беру функциясы бар бір бақылау-касса машинасын не үш құрамдасты интеграцияланған жүйені сатып алуға 60 000 теңге сомасына, бірақ есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетілуге жатады.

            Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықты азайту деректерді тіркеу және беру функциясы бар осындай бақылау-касса машинасы салық органдарында алғаш рет есепке қойылған немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған салықтық кезең үшін патент құнының соңғы есеп-қисабында жеке табыс салығының сомасын есептеу кезінде бір мезгілде бүкіл салықтық кезең үшін тұтас жүргізіледі.

            Салық төлеуші деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын немесе үш құрамдасты интеграцияланған жүйені салық органдарында есепке қойған күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін оңайлатылған декларацияда есептелген жеке табыс салығының сомасы осы салық төлеушінің 60 000 теңге сомасына, бірақ осындай күнтізбелік жылдың екі жартыжылдығы үшін есептелген салық сомасының 50 пайызынан асырмай азайту жағына түзетуіне жатады.

      Салық төлеуші осындай үш құрамдасты интеграцияланған жүйе орнатылған жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың екінші жартыжылдығы үшін жеке табыс салығын есептеген және оңайлатылған декларацияны тапсырған кезде де осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесін қолданады.



Вернуться назад


Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 386.04
Евро 427.77
Рубль 5.88
В Нуринске сейчас: 19°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 44%
  • Қысым: 718
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»