2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша «БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

Алматы, Қазақстан – 2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,64 трлн. теңгені құрады. 2016 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтары 808,7 млрд. теңгеге көбейді (2016 жылғы 1 қаңтарда зейнетақы жинақтарының сомасы 5,83 трлн. теңгені құраған).

2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша табыстылық ұқсас кезең үшін 7,5% құнсыздану деңгейінде 8,15% құрады.

2016 жылдың басынан бергі салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 484,3 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың қаңтар-қараша айларының аралығында түсімдердің жалпы сомасы 627,3 млрд. теңгені құрады. Әскери қызметшілер мен әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтаруды есепке ала отырып, қайтарылған жарналар сомасы 146,8 млрд. теңгені құрады.

2016 жылдың 11 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы – 156,1 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 19,8 млрд. теңге.

2016 жылғы 1 желтоқсанда барлық шарттардың түрі бойынша салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ саны 10,08 млн. бірлікті, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары есебінен 9,62 млн. бірлікті құрады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 417 мың, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша 38,9 мыңды құрады.

Бүгінде салымшы (алушы) ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ның 232 дербес қызмет көрсету орталығының бірінен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтынан немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

2,77 миллионнан аса адам хабарлаудың электрондық тәсілін таңдады. 208 мыңға жуық адам үзінді көшірмені электрондық мекенжайға алады және 2,57 миллион адамның сайт арқылы немесе әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Ұялы қосымша шыққан сәттен бастап оны жүктеу саны 461,3 мыңға жетті. Оның ішінде қолданушылар Android платформасындағы қосымшаны 377,4 мың рет жүктеп алған, iOS – 77,3 мың, Windows Phone - 6,6 мың.

2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат (инвестициялық табыс ескерілген) беру» қызметін іске қосқан сәттен бастап 2016 жылғы 1 желтоқсанда электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ-сынан 346 мың үзінді көшірме берілген.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).


«БЖЗҚ» АҚ-ң
Киевка кентінің ҚКО

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 346.68
Евро 404.02
Рубль 5.47
В Нуринске сейчас: 23°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 58%
  • Қысым: 707
  • Жел: 6 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»