Қарағанды облысы бойынша өтетін «Отан отбасынан басталады» байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

 

1. «Отан отбасынан басталады» байқауы (бұдан әрі - Байқау) сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру мен нығайтуда отбасы институтының рөлін күшейту, бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттау және таныту мақсатында өткізіледі.

2. Жеңімпаздарды аңықтау Байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.

Комиссия құрамына «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-ің (бұдан әрі - Департамент), Қарағанды облысы әкімдігінің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері енгізіледі.

 

2. Байқауға қатысудың шарттары

 

3. Байқауға тек Қарағанды облысының отбасылары қатыса алады.

4. Байқауға қатысуға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың тиімді тәсілдерін көрсететін жекелеген жұмыстармен қатар ұжымдық жұмыстар қабылданады. Олар ертегілер, өлеңдер, суреттер, бейнероликтер, ойындар және басқа да сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мен адалдық қағидаттарын нығайтуға бейімдейтін шығармашылық жұмыстар болуы тиіс.

Ұсынылатын байқау жұмыстарында отбасы құндылықтары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда отбасының рөлі айқындалуы қажет.

Негізгі критерийлер: тақырыптық өзектілік, даралық, бірегейлік, мазмұндылық.

Байқау жұмыстары – бейнероликтер, ұзақтылығы үш минуттан аспауы тиіс (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында).

Материалдар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

Өтінім дара түрде (№ 1 қосымша), фотосуреттермен қоса (қатысушының, отбасының, көлемі 10х15 см.) рәсімделеді. Өтінім байқау жұмысына бекітіледі.

         5. Байқау тақырыбына сәйкес емес және талаптарға сай келмейтін, сондай-ақ, ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға жіберілмейді.

 

3. Байқаудың кезеңдері

 

6. Алғашқы кезең – Байқау туралы хабарлама жасау.

Облыстық және өңірлік БАҚ-та, облыстың қала және аудан әкімдіктерінің сайттарында мемлекеттік және орыс тілдерінде Байқау туралы және оған қатысудың шарттары жайлы хабарландыру жарияланады.  .

7. Негізгі кезең – Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдау.

         Байқау жұмыстарын қабылдау 2018 жылдың 30-шы сәуірінен            27 тамызына дейін Қарағанды қаласы, Бейбітшілік бульвары, 39, немесе konkurs.upk@mail.ru электрондық мекенжайы арқылы іске асырылатын болады.

         8. Байқау комиссиясының отырысы. Бұл кезеңде комиссия мүшелерінің қарауына қатысушылардың байқау жұмыстары ұсынылады. Отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталады.

9. Қорытынды кезең. Байқау жеңімпаздары Отбасы күнін мерекелеу аясында (қыркүйектің екінші жексенбісі) естелік сыйлықтармен және тиісті дипломдармен марапатталады.

 

4. Байланыс ақпараттар

 

Қосымша ақпаратты көрсетілген байланыс телефондары арқылы алуға болады: 8(7212) 50-41-02, 87011864300 - Қасымова Фарида Аманқулқызы, электрондық мекенжай: kasymova@kyzmet.gov.kz

 

 

 № 1 қосымша

Өтінім нысаны

 

 

Қатысушының аты - жөні

Тұратын

жері

Байқау жұмысының атауы

Отбасы туралы қысқаша ақпарат

Байланыс мәліметтері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 370.49
Евро 421.06
Рубль 5.54
В Нуринске сейчас: -2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 75%
  • Қысым: 718
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»