Қарағанды облысында инвесторлар мен кәсіпкерлерге көмектесуде

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Қарағанды облысы бойынша инвесторлардың құқығын қорғауға бағытталған «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы іске асырылуда.

Аталмыш жоба инвесторларды және барлық бизнес қауымдастықты әкімшілік қысымнан және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісінен қорғауға бағытталған. 

Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдыңғы превентивтік тетіктерді қолдану арқылы жұмыс жасайтын инвестициялық қолайлы климатты нығайту бойынша түбегейлі жаңа жоба. Жобаның жүзеге асырылуының бастапқы кезеңдерінен бастап мемлекеттік институттармен әрекеттесуде қиыншылықтарға тап болған әрбір инвестор мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетіледі.

Инвестор мен кәсіпкердің мемлекеттік билік институттарымен ашық және қарқынды өзара іс-қимылын қамтамасыз ете отыра, оған қатысты заңсыз әрекеттерді болдырмау Жобаның басты мақсаты болып табылады.

 «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу» жобасы аясында бизнес-қауымдастық пен инвесторлар қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық қажетті жағдайлар жасалатын болады.

Ал инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін жалғыз талап – адал және ашық бизнес жүргізу.

Барлық сұрақтар бойынша ақпаратты Департаменттің келесі нөміріне хабарласу арқылы білуге болады: 8775-664-79-97,
8-702-412-29-06.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 387.48
Евро 428.98
Рубль 6.05
В Нуринске сейчас: 2°C пасмурно
  • Дымқылдылық: 87%
  • Қысым: 713
  • Жел: 5 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»