жемқорлықпен күрес

Қазақстан Республикасының 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы іске асыру және көлеңкелі жөніндегі Қарағанды облысында 2015*2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есеп

1-тармақ: Ауданда сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімділігін арттыру мақсатында, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру мәселесі бойынша атқарушы, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың ведомствоаралық үйлестіру қызметін қамтамасыз ету үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссиясы құрылған. Коммиссия отырыстары жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын өткiзiледi. 2016 жыл бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелері жөнінде Ахмет, Мынбаев, Көбетей, Ақмешіт, Taссуат, Keртінді, Киевка, Шахтер ауылдары әкімдерінің және Нұра ауданының ауыл шаруашылық, экономика және қаржы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшыларының есептері тындалды.
3-тармақ: Нұра ауданың бөлім басшылары және ауыл және кент әкімдері өз қызметкерлеріне тоқсан сайын жемқорлық тақрыбы бойынша аппараттық жиындап және дөңгелек үстелдерді өткізді.
6-тармақ: Аудан әкімінің ресми сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» арналуы айдары құрылған, айдарда жоспардың орындалуы туралы ақпараттар, заңнамалық қоры орналастырылған, жыл сайын бірінші басшылардың, кірістері, шығыстары туралы мәліметтер орналастыру ұйымдастырылған.
10-тармақ: Аудан әкімінің ресми сайтында 2016 жылдың қаңтар айында ауданның бірінші басшыларының кірістері және шығыстары туралы мәліметтер жарияланған.
11-тармақ: Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағадарламаларды іске асыруға мемлекет бөлген қаражаны тиімді және мақсатқа сай пайдалануға мониторинг өткізіде және өткізілген мониторинг бойынша ақппаратты аудан әкімі аппаратына ұсынады.
13-тармақ: 2016 жылы аудан бойынша жемқорлыққа барған мемлекетік қызметшілер тіркелмеген.
14-тармақ: Облыс әкімдігімен 2016 жылдың желтоқсан айында арнайы айыру белгісі бекітілген. Қызметтік автокөліктерген белгіленген арнайы айыру белгісін орналастыру бойынша жұмыстар атқарылуда.
22-тармақ: 2016 жылдың қазан айының 14 жұлдызында Нұра ауданының кәсіпкерлік палатасының ғимаратында кәсіпкерлердің құқығын қорғау «Нұр Толқын» бірлестігінің төрағасымен жергілікті кәсіпкерлериен бірлесе отырып кездесу өткізілді.
24-тармақ: Аудан азаматтарының сенімін нығайту мақсатында, қызметтің ашықтығын арттыру үшін, мемлекеттік органдарының лауазымдық тұлғалардың әдеп Кодексінің нормаларын бұзу туралы фактілері және  лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша халықтың  уақтылы өтіну мүмкіндіктері жөнінде ауданның барлық мемлекеттік органдарында «сенім телефондары» үздіксіз жұмыс істейтіні туралы ай сайын  аудандық «Нұра» газеті арқылы және аудан әкімінің сайты арқылы аудан тұрғындарына жеткізіледі.
25-тармақ: 2016 жылдың наурыз айының 18 жұлдызында қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғамның өкілдеріне семинар-кеңес өткізілді.
28-тармақ: 2016 жылдың наурыз айында Astana Gold оқыту орталығының мамандарының келуімен жаңа қабылдан мемлекеттік сатып алу заңының түсіндіру бойынаша семинар өткізілді.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында «Нұра» газетінде мақаларлар жарияланады.
29-тармақ: Аудан жер пайланушылармен пайдаланбайтын жер учаскелерінінің проблемаларын жүйелі шешу үшін ауылдық округтерде ауыл әкімдерімен бірлесіп дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырылып жұмыс жүргізіледі.
Жер кодесінің нормалары талаптарының бұзылу деректерінің алдын алу, жер телімдерін бөлу кезінде ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету мақсатында мақалалар ауданның «Нұра» газетінде жарияланады.
31-тармақ: Тұрғыңдардын арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, онымен кездескен жағдайда азаматтардың іс-әрекет ету тәртібін, сол сияқты мұндай деректерге жәрдемдескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жандама әзірленіп және таратылды.
34-тармақ:  Сыбайлас жемқолық құқық бұзушылығын жасған адамдарды туралы ақпаратты орналастыру үшін арнайы тақта орнатылған.
35-тармақ: Аудан әкімі аппартаның ғимаратында «Құрмет тақтасы» орналтылған.
36-тармақ: Нұра ауданы бойынша білім беру ұйымдарында 33 ата-аналар комитеті қызмет атқарады. Оқу жылдың басында ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары бекітіліп, әр тоқсан сайын «Мектеп – ата-аналар», «Ата-аналар құқығы», «Отбасының дәстүрлер рөлі және ата-аналардың пікірлері келешек мамандығы бойынша», «Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыптарында жиналыстар, «Тәрбиенің алтын ережелері» ата-аналарға арналған лекторий, «Мен және менің балам: түсінісушілікті іздену» семинар-практикум, «Балалар әлемі және ересектер әлемі», «Отбасының және мектептің байланыс үлгілері» психологиялық тренингтер, «Оқушының тәртібі мен үй тапсырмасын дайындауы» акциясы, «Тату отбасы» спорттық жарыстар, «Сіз қандай ата – анасыз?»,  «Ақша алу ата-аналардан» сауалнамалар өткізілді.
41-тармақ: Квазимемлекеттік басшыларына және қызметкерлеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты ұйымдастыру бойынша кеңес өткізілді.
42-тармақ: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссиясының жоспарын енгізген. 2016 жылдың 2 тоқсанында комиссия отырсында «Нұратал» ЖШС-нің жұмысы туралы қарастырылды.
46-тармақ: Нұра ауданының білім беру бөлімімен оқу жылына арналған сыбайлас жемқолық көріністері төзбеушілікті қалыптастыру бойына жұмыс жоспары бектілген.
47-тармақ: Нұра ауданы бойынша әлеуметтік жарнамалар үшін бюджет қаражатынан 200 мың теңге бөлінген, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің мәселелері мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы» бағыты бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін 6 әлеуметтік жарнама орнатылған.
48-тармақ. Мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен жайларда азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшіледің сыбайлас жемқорлық әрекетінің алдын алу бойынша мини-плакаттар және әлеуметтік жарнамалар орнатылған.
48-тармақ: Мемлекеттік қызметкерлер және мектеп басшылары арасында жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілген семинар-кеңестер «Нравственные аспекты госслужащего», «Менеджмент в государственной службе» тақырыптарын ашып көрсетті.
Мемлекеттік қызметшілеріне  «Сыбайлас жемқорлықпен күрес», «Коррупции – бой», «Антикоррупционное законодательство» және «Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында көрмелер білім беру бөлімінде ұйымдастырылды.
50-тармақ. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысын қолжетімді түрде түсіндіретін жандама әзірленген.
56- тармақ: Тұрғындардың тарапынан сыртқы бағалауды алу мен қоғамдық пікірді ескеру мақсатында аудан әкімінің сайытында және «Нұра» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша есептер жарияланған.
57-тармақ: «Нұра» газетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша есептер жарияланған.
 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»