Қоғамдық қабылдау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Азаматтық бақылау» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қоғамдық қабылдау» жобасын жүзеге асырады.
Қоғамдық қабылдаулар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы заңнамалардың, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің бұзушылықтарын болдармауда азаматтық бастамалардың орталығы болуға құрылған.
Қоғамдық қабылдаулар:
1) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер салаларындағы заңнамалар талаптарының сақталуы мәселелері бойынша кеңес беру қызметін атқарады;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті іске асырады;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары бойынша мемлекеттік органдар үшін жылдық және тоқсандық ұсынымдарды қалыптастырады;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметті іске асырады.
Қоғамдық қабылдау қызметі 2016 жылдың 15 тамызынан бастап
сағ. 10.00-ден 18.00-ге дейін күнделікті негізде (сенбі, жексенбі және мерекелік күндерден басқа) Қарағанды қ., Кеншілер д., 64 құр., 1 қабат, сол қанат мекенжайы бойынша іске асырылатын болады.

 

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 354.12
Евро 416.73
Рубль 5.37
В Нуринске сейчас: 16°C ашық
  • Дымқылдылық: 48%
  • Қысым: 723
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»