Әдеп нормаларын қадағалауда бақылау күшейді

Жаңа мемлекеттік қызмет туралы заңның күшке енген кезінен мемлекеттік қызмет тәртібін нығайту саласында түбегейлі өзгерістер болды.
Оның ішінде «Тәртіп кеңесі» институты жойылып, оның орнына жаңа құрылған Мемлекеттік істер министрлігінің коллегиалдық органы болып табылатын «Әдеп жөніндегі кеңес» енгізілді.


Бұл кенестің ең басты ерекшелігі мен жойылған Тәртіп кенесінен айырмашылығы оның басым қызметінің заңды бұзу себептерін белгілеумен оны алдын алуда болып табылады. Алғашқы рет кеңес тек қана тәртіп істері емес оған қоса сыбайлас – жемқорлық бойынша талдауды, сыбайлас – жемқорлыққа қарсы жұмыстардың мониторингын және әдеп бойынша уәкілеттілердің қызмет әдептілігін бақылаудағы жұмыстарын қарастырады.


Және де Әдеп кенесінің міндетіне мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекттік қызметкерлердің мемлекттік қызмет бойынша заңын, қызмет әдептілігін, жемқорлыққа қарсы заңның орындауын бақылау мен әдеп бойынша уәкілеттілердің жұмыстарын жүргізу бойынша сұрақтарға ұсыныстар беру жатады.
Қарағанды облысының Әдеп кеңесінің құрамы маслихат, қоғам бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың басшыларынан құралған. 


Ережеге сәйкес, Әдеп кеңесінің функцияларының бірі қызмет әдептілігінің нормаларын бұзған, тәртіп бойынша мемлекеттік қызметке қайшы келетін теріс қылықтар жасаған қызметкерлерге бағытталған тәртіп істерін қарастыру болып табылады.



2016 жылдың 1 қаңтарынан Мемлекеттік қызмет бойынша және жемқорлыққа қарсы заңдарының күшке енген кезінен «жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылық» деген түсінік жойылған.


Сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік қызмет бойынша жаңа заңына сәйкес « мемлекеттік қызметке кір келітертін теріс қылық» деген жаңа түсінік енгізілді.
Негізінде барлық, жемқорлыққа қарсы заңда қарастырылған тәртіп бойынша мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін теріс қылықтар, қызмет әдептілігінің нормаларын бұзу сияқты жемқорлыққа жағдай жасайтын құқық бұзушылықтар ҚР жаңа Мемлекеттік қызмет бойынша заңына көшірілген.
Оған қарамастан теріс қылықтар үшің жауапкершілік өлшемі қатал болып қала берді.


Және де елбасының дербестік кәсіби мемлекеттік аппарат құру тапсырмасы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің моральдық адамгершілік бейнесі мен іскерлік қасиеттерінің талаптарың көтеру мақсатында мемлекттік қызметкерлердің әдептік кодексы бекітілген. 
Кодекс мемлекеттік қызметтің құндылығын бекітіп, мемлекеттік қызметкерлердің тек қана жұмыста емес оған қоса күнделікті өмірдегі тәртіп стандарттарын анықтады.


Мәслен, осылай мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан тыс уақытта жалпы қабылданған моральді-этикалық нормаларды ұстанып, қоғамға қарсы жүріс-тұрыс жағдайларын болдырмау бойынша, сонымен бірге, адами және қоғамдық құндылықтарды қорлайтын іс әрекет, яғни, қоғамдық орындарды мас күйінде болу. Аталған жүріс-тұрыс орын алған жағдайда мемлекеттік қызметші тәртіпті жазалауға тартылады. 


Бұдан бөлек, жаңа заңмен әдеп нормаларының орындалуын қадағалайтын «әдеп жөніндегі уәкіл» деген тағы бір институт енгізілді. Бұл институттың әрекеттерін үйлестіру Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне және оның жергілікті құрылымдарына жүктеледі.
Әдеп жөніндегі уәкіл қызметтік әдеп нормаларының орындалуын, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуының алдын алуды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексін қамтамасыз етіп, сонымен қатар, өз қызметінің аясында мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға кеңес береді, бұл өз кезегінде ұжымдағы жағымды моральді-психологиялық атмосфераның қалыптасуына әсер ететін болады.
Әдеп жөнінедегі уәкіл өз қызметін жүзе асыру аясында азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар, оның ішінде Әдеп жөніндегі кеңес, институттарымен өзара қарым-қатынаста болады.


Орнатылған станндарттарды қатаң қадағалау мемлекеттік аппаратарқа деген халықтың сенімін арттырады деп ойлаймын. Халыққа тиімді қызмет ету – Елбасымен әр мемлекеттік қызметкер алдында қойылған басты міндет.
Сондықтан, Әдеп жөніндегі кеңес барлығын қамтитын және күнделікті өмірдегі практикалық анықтамалық болып әр мемлекеттік қызметкердің үстелдік кітабына айналуы керек. 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша депараментінің басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес секретариатының меңгерушісі – Ахметов Берік Мұхамеджанұлы

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 341.18
Евро 392.97
Рубль 5.34
В Нуринске сейчас: 15°C ашық
  • Дымқылдылық: 53%
  • Қысым: 713
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»