Бірыңғай байланыс орталығы

«Электрондық үкімет» порталының Бірыңғай байланыс орталығы қалай жұмыс істейді
Порталмен жұмыс жасаған кезде көптеген пайдаланушылар қандай-да бір қызметті немесе ақпаратты алу кезінде белгілі бір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Осы пайдаланушыларға «Call-орталық», «Кері байланыс» сөздері және «1414» нөмірі таныс болып келеді.
«Электрондық үкіметтің» Бірыңғай байланыс орталығы өз жұмысын 2010 жылғы 1-қаңтарда бастады. Орталық жұмысының қызмет көзі мемлекеттік қызметтерді алу бойынша халыққа кеңес беруге, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы бойынша шағымдар мен ұсыныстар қабылдауға бағытталады.
Кәсіби кеңесші – риза клиент
Бірыңғай байланыс орталықтың тиімді жұмысының 80%-ы кәсіби дайындалған персоналға қатысты екені баршамызға мәлім. Оператордың сапалы жұмысына қарап клиенттер ұсынылатын қызметтердің сапалық мен сенімділік деңгейін анықтайды. Сондықтан да барлық операторларға міндетті түрде коммуникабельділік, сауатты сөйлеу, нақты мақам, сөзді дұрыс айту, адамдармен сындарлы жұмыс жасай білу талаптары қойылады. Айта кету керек, egov.kz Бірыңғай байланыс орталығы қызметкерлерінің сандық арасалмағында қыздар ер жігіттерге қарағанда үш есе көп болып келеді.
Күнделікті әр оператор өз мәселелерінің жылдам шешілуін және оған әп-сәтте әрекет етуін күтетін ондаған клиентпен сөйлеседі. Орташа есеппен алғанда күніне орталық 6 мыңнан 8 мыңға дейін сұранымдарды өңдейді. Өңделген сұранымдардың рекордтық саны 2013 жылғы 23-қаңтарда тіркелді: бұл күні 14 640 қоңырау шалу өңделді.
2010 жылы -75 793 өтініш.
2011 жылы - 297 636 өтініш.
2012 жылы - 1 171 668 өтініш.
2013 жылы - 2 657 094 өтініш.
Бірыңғай байланыс орталыққа келіп түсетін әр қоңырау тіркеледі және сапаны бақылаудың арнайы жүйесіне жазылады. Егер оператордың атына қызмет көрсету мен кеңес беру сапасы туралы ескерту келіп түссе, онда орын алған әңгімені басшылық тыңдайды және оператордың әрекеті заңсыз екендігі расталған жағдайда қызметкерге қатысты тиісті тәртіптік жаза қолданылады.
Операторлар көбінесе мына мәселелер бойынша кеңес береді:

Бірыңғай байланыс орталықтан қалай кеңес алуға болады?
Бұл үшін тез есте сақталатын 1414 немесе 8-800-080-7777 нөмірлеріне қоңырау шалу керек, Қазақстан бойынша қоңырау шалу тұрақты және ұялы телефондар (ұялы байланыстың барлық операторларынан) арқылы да тегін, сондай-ақ www.1414.kz чатында хабарлама қалдыруға не болмаса  support@pki.gov.kz, sd@nitec.kz, egov@nitec.kz электрондық почтаға жазуға болады.

Қазақстандықтар тәуліктің кез келген уақытында мемлекеттік қызметтер көрсету туралы кеңес ала алады: Бірыңғай байланыс орталық күн сайын тәулік бойы жұмыс істейді.

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 343.06
Евро 402.38
Рубль 5.49
В Нуринске сейчас: 25°C ашық
  • Дымқылдылық: 33%
  • Қысым: 714
  • Жел: 3 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»