1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерді үйде отырып ала алады.

2016 жылғы 30 маусым

1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар «Азаматтарға арналған үкімет» көрсететін қызметтерді мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысын бастағалы бері мобильдік топтар 3 670 мүмкіндігі шектеулі жандарға барып, 5 761 қызмет көрсетті. Олардың ішінде жылжымайтын мүлік пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, мемлекеттік корпорация 1 және 2-топтағы мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжірибесін жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдік топты шақыру үшін Біріңғай байланыс орталығының 1414 нөміріне телефон шалулары керек. Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері оған 72 сағат ішінде барады.
Жалпы, мемлекеттік корпорация мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсетуге көп көңіл бөліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 360 мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істейді.
Мемлекеттік корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуірінде "Жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы" РМК, "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК, "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық" РМҚК және "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-нің қайта құрылуы жолымен бастағанын естеріңізге саламыз. Бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 530 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.42
Евро 400.04
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -15°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 729
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»