Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы –қызмет берушілердің жұмысын бағалаудың басты өлшемі


Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаты арқасында қоғам дамуының барлық¬ саласында түбегейлі өзгерістер болды. 
Соның ішінде, мемлекет¬тік органдардың тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, мемлекет¬ті басқарудың ұтымды үлгісі іске қосылды. Қазіргі таңда заман талабына сай мемле¬кет¬тік қызмет түрлеріне қолжетімділікті арттыр¬уға бағы¬тталған игі бастамалар жүзеге асырылуда.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Мемлекеттік қызмет көрсету - бұл еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші» - деп атап көрсетілген.Осыған байланысты, мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыруға және аталған саланың дамуына басты назар аударылып келеді.


Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы - мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсету барлық салада, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекетпен тығыз байланыста болатындығы белгілі. 


Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болатынын және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағдарлануы тиістілігін айқындап берді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Жолдауында: «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар табиғи монополия субъектілері көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі жұмысты жалғастыру керек»- деген болатын. Мемлекет басшысының мұндай саясаты еліміздің одан 
әрі өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының жоғарылауына, сыбайлас 

жем¬қорлық көріністері мен бюрократтық тосқауылдардың азаюына негіз болады деп есептеймін.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет түрлері электрондық және қағаз түрінде көрсетілуде. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» (ХҚКО), www.elicense.kz 
«Е-лицензиялау», www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы 
және қызметті берушінің кеңсесі арқылы алуға болады.
Қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында мемлекеттік органдарда арнайы ақпараттық стендпен жабдықталған. Онда көрсетілетін қызметтің түрлері, уақыты, және т.б. мәліметтер орналастырылған.

Сонымен қатар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары кеңінен пайдалануда.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оңтайландырылуға тиіс. Құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамның өзінің баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек делінген.

Осыған орай, облысымыздың қала және аудандарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алуға шақыратын іс-шаралар жақсы қарқынмен келе жатыр. 
Мысалға, қызметті электрондық түрде алуға шақыратын облысымызда жүзден астам баннерлер ілінген, әр ауданмен қалалардағы жергілікті телеарналары, ел көп шоғырланатын жерлердегі Led экрандары арқылы 

«E-gov» туралы бейнероликтар көрсетілуде. 
Аталмыш шаралардың арқасында, облысымызда электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алушылардың саны едәуір арта түсті. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2016 жылдың қорытындысы бойынша облыстың экономикалық белсенді 230 397 немесе 33%тұрғындары ЭЦҚ қамтамасыз етілген. 2017 жылдың қорытындысы бойынша аталмыш көрсеткіш 
11% немесе 71 687 тұрғынға артып отыр. Осы шаралардың барлығы, Елбасымыздың Жолдауын жүзеге асыру жолындағы бір тетік деп ойлаймын.
Ендігі талап, қоғамымыздағы барлық қызметалушылардың азаматтық белсенділікті танытып, Елбасымыздың алға қойған мақсаттарды іске асыруға ынта білдіруінде. Соның бірі, қазірден бастап қызметтерді электрондық түрде ЭЦҚ арқылы алуды өзімізден бастауымыз қажет. «Өзіңнен баста» қағидатын алдынғы орынға қоймасақ, барлық істеліп жатқан жұмыстардың нәтижесі оң болмайтынын бәріміздің білгеніміз абзал.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет көрсету қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады. Осыған байланысты, көптеген шет мемлекеттер мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғары болуына және осы саланың дамуына үлкен мән беруде.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 
Қарағанды облысы бойынша департаментінің 
мемлекеттік қызметтер көрсету 
басқармасының бас маманы
ТАЛҒАТҰЛЫ МҰРАТ


 

Мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер орын алса, атап айтқанда:
Стандартпен бекітілген құжаттардан басқа да артық құжаттар талап етілсе;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің Стандартта бекітілген мерзімі бұзылса;
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса және т.б.
Сіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне
өз шағымыңызды білдіріп, құқықтарыңызды қорғай аласыз.

Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы 39 үй
Тел: 87212250450, 87001081688, 87022887778


Страницы: 12

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 365.49
Евро 420.35
Рубль 5.60
В Нуринске сейчас: 5°C ашық
  • Дымқылдылық: 49%
  • Қысым: 721
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»