«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға Нұра ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы «Нұра ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің хабарламасы


Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Е-3 санаты үшiн:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1)  Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2)  Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3)  Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4)  Мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

5)  Жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6)  Ғылыми дәрежесінің болуы;

7)  Кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-4 санаты үшiн: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

         Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

         Жоғары немесе жоғарыдан кеінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Е-R-3 санаты үшiн:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

         2) Осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

         3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

         5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Е-G-3 санаты үшiн:  Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі;

     Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

-Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес (Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №289 бұйрығымен бекітілген енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

      Санат

Жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақы 

min

max

Е-3

112712

152035

Е-4

100767

136426

E-R-3

106288

142886

E-G-3

90874

122392

       

 

«Нұра ауданы әкімінің аппараты» MM (100900, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Нұра кенті, Мыңбаев көшесі, 44, анықтама телефоны: 8 (72144) 22685, факс: 8 (72144) 21721, электрондық пошта: a.utemisova@karaganda-region.gov.kz) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

  1. 1.     «Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің аппараты» MM

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы     (1 бірлік, № 11-1, Е-3 санаты).

Функционалдық міндеттері:Мемлекеттік қызметкерлерді аттестациядан өткізу жөніндегі комиссияның хатшылығын жүргізеді, қажетті құжаттарын дайындап, аттестациялық процедуралардың сақталуын қамтамасыз етеді,  мониторингін жүргізеді және аудан бойынша мемлекеттік қызметкерлердің тәртібін қарау жөніндегі тәртіптік комиссияның хатшылығын жүргізеді. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы есепті жүргізіп, тиісті органдарға ұсынады. Мемлекеттік қызметкерлердің тәртібіне байланысты қызметтік тексеріс жүргізеді.

Аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің жеке іс қағаздарын жүргізіп, жеке бас істерін реттеп, толықтырып отырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтырады, қызметтік тізімдерін қажеттілігіне қарай толықтырып отырады, арнайы тексерістен өткізуге құжаттарын әзірлеп,  жолдайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі– жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика) немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану). Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

  1. 2.     Нұра ауданы әкімінің аппаратының азаматтық қорғаныс және

төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы ( 1 бірлік,№ 10, E-4)

Функционалдық міндеттері:Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдай жөніндегі облыс әкімшілігінің, облыстық төтенше жағдай басқармасының бұйрықтары мен өкімдерін, аудан әкімінің, төтенше жағдай комиссиясы төрағасының мемлекеттік актілерінің орындалуын қадағалайды. “Төтенше жағдайды ескерту және жоюдың аудандық жүйесі” туралы ережесіне сәйкес жұмыс жасайды және орындалуын бақылайды. Төтенше жағдайларды алдын алу және төтенше жағдай туындағанда халық пен аймақты қорғауға, мекемелердің тұрақты түрде жұмыс істеуіне бағытталған бағдарлама мен жоспар жасау және іске асыру. Аудан тұрғындары арасында төтенше жағдайда қандай әрекет жасау керектігін оқыту және жаттығу өткізу жұмыстарын ұйымдастыру. Аудандағы мемлекеттік ұлттық табиғат паркімен, электр энергиясымен қамтамасыз етуші және төтенше жағдай жөніндегі мекемелерімен тығыз байланыста болады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі– жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі “техникалық ғылымдар және технологиялар” мамандықтары бойынша (жылу энергетикасы, электр энергетикасы, құрылыс, құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру). Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік “энергетика” мамандықтары бойынша (техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша), электроэнергетика(салалары бойынша)),«құрылыс және коммуналдық шаруашылық» мамандықтары бойынша (үйлер мен ғимараттарды салу және пайдалану, құрылыс бұйымдары мен конструкциялар өндірісі) білімге рұқсат етіледі.Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, «Азаматтық қорғаныс туралы», «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

  1. «Нұра ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ

бюджеттік жоспарлау секторының меңшерушісі (1 бірлік, № 04-1, Е-R-3 санаты)

Функционалдық міндеттері:Сектор қызметіне басшылық ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеу. Қаржы жылына бюджет әзірлеу, жылдық жоспардың қаржыландыруы бойынша жұмыс ұйымдастыру. Алдағы 3 жылға аудандық бюджеттің жобасын дайындау.  Сәйкес кезеңге ауданның орта мерзімді фискальды саясатын әзірлеу, сектор жұмысын ұйымдастыру, бюджеттік қаражат шығындарының басымдық бағыттарын анықтау. Аудандық бағдарлама әкімгерлігінің бюджеттік сұранысын уақытылы қабылдап, бюджеттік комиссияға ұсыну. Бюджеттік сұранысына қорытынды жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі– жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі “әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес” мамандықтары бойынша (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика).Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын, «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі»,«Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

  1. 4.     «Нұра ауданы Жараспай ауылы әкімінің аппараты» ММ-нің бас

маманы (E-G-3 санаты, 1 бірлік, № 1-4)

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық сұрақтары бойынша жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту бойынша бағдарламаның, «Агорбизнес-2020», «Бизнестің жол қартасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралар жоспарын орындауын қамтамасыз ету, ақпараттық анықтамалық құжаттарды, ауыл шаруашылық саласы бойынша статистикалық есепті дайындау. Тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы нормативтік құқықтық аткілердің жобаларын дайындау. Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзуге қатысу. Микрокредит беру бағдарламаларына қатысуы үшiн табысы төмен адамдарды анықтау. 

Ақсақалдар, әйелдер істері Кеңестерімен жұмыс істеу. Аудан әкімінің және оның орынбасарларының тапсырмаларының орындалысына қадағалау жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Білімі: жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі  «Қызмет көрсету» мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «ветеринария» мамандықтары бойынша, «әлеуметтік ғылымдар,  экономика және бизнес» мамандықтары бойынша, «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша, «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша, «ауылшаруашылық ғылымдары» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша. Жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік «қызмет көрсету, экономика және басқару»  мамандықтары бойынша немесе «құқық» мамандықтары бойынша (құқықтану), «гуманитарлық ғылымдар» мамандықтары бойынша, «техникалық ғылымдар және технологиялар» (салалар бойынша) мамандықтары бойынша, «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» мамандықтары бойынша, «білім» мамандықтары бойынша.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»,  «Ветеринария туралы»  Заңдарын, «Қазақстан – 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтар құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Нұра ауданы әкімінің аппараты» MM-де өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларымен белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан

Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саясипартиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені________________________________________________________

____________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс

өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін жәнеорындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

____________________________________________________________

 

Мекен жайы және байланыс

телефоны___________________________________

__________________________________________________________________

________            ____________________________________

(қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Архив

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 408.61
Евро 454.09
Рубль 5.86
В Нуринске сейчас: 29°C ашық
  • Дымқылдылық: 24%
  • Қысым: 711
  • Жел: 7 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»