Әйелдер үшін зейнеткерлік жастың өзгеруі


«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін нормак үшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңынасәйкес, 2018 жылғы 01 қаңтардан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасының 2018жыл мен 2027 жыл аралығында кезең-кезеңмен көтерілуін көздейтін нормак үшіне енеді. Ол жыл сайын алты айдан қосылып, 10 жыл бойы жүзеге асырылатын болады.
2018 жылғы 1 шілдеден бастапзейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне қарай тағайындалатынбазалық зейнетақы төлемдерін тағайындау әдістемесінің өзгеруі көзделеді. Базалық зейнетақы жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалатын болады: 63 жас - ер адамдар үшін, 58 жас және 6 ай - әйел адамдар үшін.
Зейнеткерлік өтілге не кіреді:
Зейнеткерлік өтілге: ынтымақты жүйесінде жинақталған, 1998 жылғы 1 қаңтарға еңбек өтілі; міндетті зейнетақы жарналары төленген аралықты қарастыратын жинақтау өтілі; бала үш жасқа толғанға дейінгі, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедек баланың күтімі; әскери қызметкермен, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерімен, дипломатиялық жұмыскерлермен және т.б. бірге тұрған уақыты.
Бұл өзгерістер 2018 жылғы 1 шілдеден бастапбазалық зейнетақыны қайта есептеу жүргізілетін зейнеткерліктегі және жаңадан зейнеткерлікке шығатын адамдарғақолданылады.
Зейнетақы есептеу әдістемесі:
Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс істеп, БЗЖҚ-ға аударымдар жасаған болсанемесе мүлдем жұмыс істемеген болса, оған базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ы мөлшерінде тағайындалады. 10 жылдан астам жұмыспен өтелген әрбір жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ғаарттырылады. Мысалы, 20 жыл қатысу өтілінде базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74%-ын, 30 жылда - 94% құрайды. Еңбек өтілі 33 және одан да көп жылды құраса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайды.
Зейнеткерлік жасты көтерудің кімдерге қатысы болмайды:
Қазақстандазейнеткерлік жастың көтерілуі қазіргі кезде зейнеткерлікке ерте шығуға жеңілдігі бар әйелдерге қатысы болмайды. Бұл бес және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер. Олар 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Сонымен қатар1949 жылғы 29 тамыз бен 1963 жылғы 05 шілде аралығы кезеңінде төтенше және барынша көп радиациялық қауіпі бар аймақтарда кем дегенде 5 жылуақыт тұрған әйелдердің 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқықтары бар.
Зейнетақы ресімдеуге өтініш беру мерзімдері бойынша:
Егер әйел азамат зейнеткерлік жасқа (58 жас) 2017 жылғы 10 қарашада толып, уақытында, яғни, 2017жылғы 31 желтоқсанға дейін жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға өтініш бермей, тек 2018 жылғы қаңтар айында келсе, онда «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес, өтінішімен және құжаттар топтамасымен жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындауға 58,6 жасқа толғанда ғана өтініш бере алады.

Зейнеткерлік жасты кезең-кезеңмен көтеру кестесі

Жыл Зейнеткерлік жасы Туған күні
2018 жылғы 1 қаңтар 58 жас 6 ай 1960 жылғы 1 қаңтар мен 1960 жылғы
30 маусым аралығы
2019 жылғы 1 қаңтар 59 жас 1960жылғы 1 шілде мен 1960 жылғы
31желтоқсанаралығы
2020 жылғы 1 қаңтар 59 жас 6 ай 1961қаңтар мен 1961 жылғы
30маусымаралығы
2021 жылғы 1 қаңтар 60 жас 1961жылғы 1шілде мен 1961 жылғы
31 желтоқсанаралығы
2022 жылғы 1 қаңтар 60 жас 6 ай 1962 жылғы 1 қаңтар мен 1962 жылғы
30маусымаралығы
2023 жылғы 1 қаңтар 61 жас 1962жылғы 1шілдемен 1962 жылғы
31 желтоқсанаралығы
2024 жылғы 1 қаңтар 61 жас 6 ай 1963 жылғы 1 қаңтар мен 1963 жылғы
30 маусымаралығы
2025 жылғы 1 қаңтар 62 жас 1963 жылғы 1 шілде мен 1963 жылғы
31 желтоқсанаралығы
2026 жылғы 1 қаңтар 62 жас 6 ай 1964 жылғы 1 қаңтар мен 1964 жылғы
30 маусымаралығы
2027 жылғы 1 қаңтар 63 жас 1964 жылғы 1шілде мен 1964 жылғы
31 желтоқсанаралығы





М.Ниязова
Нұра аудандық
ӘТВЕО бөлімшесінің басшысы


Вернуться назад

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 319.42
Евро 400.04
Рубль 5.66
В Нуринске сейчас: -15°C ашық
  • Дымқылдылық: 73%
  • Қысым: 729
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»