«Атамекенім» акциясы
«Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа¬лай қадам басатынымыз және бұқаралық санବны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас¬тарым¬ды ортаға салуды жөн көрдім» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын бастады. Акция ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған. Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәс¬түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп, жалпыұлттық патриотизм жаңғырудың негізгі тетіктерінің екенін анық көрсетеді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» акциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымылық көмегін көрсетуде әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ниетті.
Ұлттық палата аталған бағытта кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету үшін бірқатар ұсыныстар дайындады.
«АТАМЕКЕНІМ» АКЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢЫ
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook әлеуметтік желісінде жалпыға ортақ «Атамекенім» тобын ашты. Бұл топ әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғам мәселесін шешу үшін атсалысуға дайын, кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған. Акция мен форумның қорытындысы бойынша «Атамекен» бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына береді.
Толығырақ ақпаратты www.atameken.kz сайтынан алуларыңызға болады.

 

Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? ОТВЕТИТЬ
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
В Нуринске сейчас: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2012 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2012 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»