Сайтымыздың құрметті қонақтары!

Қадірлі аудан тұрғындары мен қонақтары!
Қазақстан Республикасындағы «электронды үкімет» жобасының бөлігі болып табылатын Нұра ауданы әкімінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласы аясында елімізде іске асырылып жатқан игі істер мен ұлы бастамалар ауданымызда оң жалғасын табуда.
Бірлік берекесі жарасқан аудан тұрғындары барлық мүмкіндіктерін барынша іске қосып, халықтың әл – ауқатын әрі қарай жақсартуға аянбай еңбек етуде.
Бүгінде облыс аумағында адал еңбегімен еліміздің әлеуметтік – экономикалық дамуына өз сүбелі үлесін қосып Нұра ауданы көпұлтты, аграрлы өңір ретінде танымал.
Ауданымызда жыл сайын инвестициялық бағдарламалар жүзеге асырылып, ауыл шаруашылығы саласы, қарқынды құрылыс жұмыстары, шағын және орта кәсіпкерлік, сондай – ақ көріктендіру және әлеуметтік салада көптеген ілгерушіліктер жетерлік.
Нұрлы Нұраның бүгінгі тыныс – тіршілігі мен сан –саладағы ілкімді істері, тарихи – мәдени саласындағы соңғы жаңалықтар жайында веб – сайтымызда толыққанды таныса аласыздар.
Сонымен қатар, ақпараттық заманда көкейіңізде толғандыратын кейбір мәселелер немесе жеке талап – өтініштеріңізді жеткізуге, өз тарапыңыздан білдірген сауалдарыңыз бойынша тиянақты жауаптарды алуға мүмкіндіктеріңіз бар.
Біз Сізбен бірге Нұра ауданымыздың, Қарағанды облысының және жалпы Тәуелсіз Қазақстанымыздың игі гүлденуі үшін өзара тиімді қызметтесуге дайынбыз!

Құрметпен, Нұра ауданының әкімі
Омарханов Ниқанбай Иманғалиұлы


Аудан жаңалықтары

Аймақ жаңалықтары

Мемлекеттік бағдарламалар

Фотогалерея

Сұрау

Валюта бағамдары

Ауа-райы

Ақпараттық порталды қалай бағалайсыз? Жауап беру
Доллар 330.00
Евро 390.72
Рубль 5.65
Нұра ауданында қазір: 2°C ашық
  • Дымқылдылық: 36%
  • Қысым: 719
  • Жел: 2 м/с

© 2007-2013 Информационный портал аппарата акима Нуринского района
© 2013 Разработка и поддержка: Интернет-компания «Creatida»